Орынбай Бертағыұлы


Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы



бет12/23
Дата27.12.2022
өлшемі157,63 Kb.
#164682
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
19 ғ әдебиет жауаптары

Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

39. Махамбеттің «Тарланым» толғауының мазмұн, мәнін танытыңыз.


Таудан мұнартып ұшқан тарланым
Саған ұсынсам қолым жетер ме,
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным, көп болды - ау
Саған да менің арманым!
Кермиығым, кербезім!
Керіскідей шандозым.
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым!
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағыңа сары жебені салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған.
Тереңнен көзін ойдырған,
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған.
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.
Айқайласа белдік байлаған,
Астана жұртын айналған,
Астына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп,
Адырнасын ала өгіздей мөңреткен;
Атқан оғы Еділ - Жайық тең өткен:
Атқанын қардай боратқан,
Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,
Арыстан еді - ау Исатай!
Бұл фәнидің жүзінде
Арыстан одан кім өткен?!

40. Махамбеттің «Мұнар күн» толғауының мазмұн, мәнін түсіндіріп жазыңыз.


Мұнар күн- ақынның исатай батырдың өліміне арнап шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады) сарындағы туындысы. Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы патша әскерімен шайқаста қаза табады. Бұл Махамбетке де, халыққа да қатты батқан ауыр қаза болды. Ақын исатай өлген күн шексіз қайғылы, қаралы, ауыр күн екенін өлеңде «шұбар», «мұнар» «буыршын мқзға тайған», «бұрынғы бақыт тайған» деген ауыр күйді, өкінішті сәтті танытатын эпитеттерді қолдану арқылы ұтымды аңғарта алған.
41. Шернияз ақын өмірі мен ақындығының ерекшелігі мен қайшылығы туралы баяндаңы
Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881)- халық ақыны. Қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан дейтін өзеннің бойындағы Ақкете руынан шыққан. 
Шернияз Жарылғасұлы ескіше оқыған, хат таныған адам. Оның өлеңдерінің құрылысына қарағанда, жазба әдебиеттің өкілі емес, ауызша, керегінде жанынан суырып салып айтуға бейім ақын екендігі аңғарылады. Өйткені, оның өлеңді тез шығаруы жағынан, айтыстарда қолданған тіл шеберлігіне назар аударсақ импровизациялық дәстүр берік сақталады.
Суырып салмалықтың өзіне тән алуан ерекшеліктері бар. Соның бірі – тосыннан сөз табу, жылдам жауап беру. Бұл қасиет Шерниязда анық байқалады. Баймағамбет сұлтан шабамын деп, қылышын суырып алғанда айтқан «Хан қолында ұстаған қасқа қылыш» дейтін өлеңін импровизаторлықтың тамаша үлгісі десек, «Шернияз тарихы» атты қолжазбадан алынған төмендегі өлеңі тез айтуға машықтық, ұсталығы жағынан шеберлігін байқатады.
«Бір іс жөнінде хан Шерниязды айыптап, дүре соқтырмақшы болады. Жұрт сұраса да хан кешірім бермейді. Жұртқа болмаған соң, ханға ақынның өзі барады. Есіктен кіре бергенде маңдайшаға соғылып, басындағы жапатай бөрік түсіп кетеді. Еңкейіп алайын деп жатқанда хан: «Ойланбастан осыған өлең айт», - дейді. Сонда бір аяғы табалдырықтың сыртында, бір аяғы ішінде тұрып:
«Басымнан түсіп кетті жап бергенім (бөрік)
Құдай-ай, осы ма еді көп көргенің?
Өсірген сылап-сипап он саусағым, 
Кәнеки, тап бергенде, ап бергенің!?
Қызыл тіл, барың болса енді сөйле, 
Таппасаң, қапияда босқа өлгенің.
Ұлына екі атаның бермей тілек,
Кім еді сонша көпте жек көргенің?» – дейді. Тек қана бұл емес, ханның қызына, әйеліне, өзіне айтқан Шернияз сөздерін құрылыс жағынан алсақ, суырып салмалықтың үздік үлгісі деуге тұрарлықтай.
Халықтың суырып салма ақындарына, әсіресе айтыс ақындарына тән әдіс – қарсыласын ең осал тұсынан ұстау. Бұл да Шернияз шығармашылығында өте шебер түрде қолданылады, Медебаймен айтысында аузынан «неме» деген сөз шығып кетеді. Қазақ тіліндегі кейбір сөздерді бұрып айтса, басқа мағына беретіндігін пайдаланып, Шернияз сол сөзден Медебайды тамаша тапқырлықпен сүріндіреді.
Шернияз Жарылғасұлы халық ақындарының әдіс-тәсілдерін берік сақтайды, бірақ оның өзіне тән, ақындық бейнесін көрсететін ерекшелігі де жоқ емес. Оның өз кезіндегі, не өзінен бұрынғы ақындардан айрықша бір ерекшелігі – оның өмір құбылысын суреттеуде қолданылатын поэтикалық тілінде. Ақын өлеңдерінде тамаша теңеу, метафора секілді поэтикалық тілдің әр түрі кездеседі.
«Шаншатұғын найзадай, 
Қылтың еткен жиырма бес.
Шабатұғын қылыштай,
Жылтың еткен жиырма бес»...
...«Исатай ділмар еді топтан озған,
Нар еді бәйтерекке мойнын созған.
Исатай – ел еркесі, ел серкесі», - деген үзінділердегі образдар ақынның терең сезімін ерекше аңғартады. Сонымен қатар Шернияз – юморист ақын. Сондықтан оның поэтикалық тілінде, сөздігінде ирония, сарказмдар жиі ұшырайды. Ал өлең құрылысы жағына келетін болсақ, дағдылы 11 буынды не жеті буынды немесе сегіз буын аралас келетін жыр ағымы. Өлеңдерінде қара өлең ұйқасы, ерікті, терме өлеңдерінде көп кездесетін кезекті ұйқас жиі ұшырасады.
Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрсе де, оның өлеңдерінің маңызы жойылған жоқ. Өйткені өз кезіндегі қара халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін басқарған, халыққа қамқор болған ерлерді дәріптеді. Жаншылған шаруалар табының жыршысы болған Шернияз ұлттық рухы биік жырларын ақындықтың биік сипатымен насихаттады.
42. Шортанбай - патшалық отарлау саясатын әшкерелеп, реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы, суреткер ақын екендігін танытыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет