20. Мәделі ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.
Мәделі Жүсіпқожаұлы[1] (1816-1888 ж.) - Қазақтың байтақ даласында көрнекті ақын әрі батыр атанған азаматтың бірі . Мәделінің кіндік қаны тамған жері қазіргі Түркістан облысының Қызылқұм ауданының қожатоғай кеңшары (бұрынғы Ақбұлақ болысы, Бадам жері). Зерек, болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Қолына түскен кітаптарды көп оқып, мұсылманша оқыған білімі арқасында Құранды да оқып жатқа білетін болған. Кезінде кеңінен тараған шығыс әдебиеті, оның ішінде араб әдебиеті үлгілерінен, ертегі, дастан, қиссаларды көңіл қоя оқиды. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған.
ШығармашылығыӨңдеу Шығыстың классикалық әдебиеті мен фольклорын көп оқып, он бес жасынан лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдер шығара бастайды. Әзіл-қалжың өлеңдерін айта жүріп, суырыпсалма ақындық өнерге де төселеді. Мәделі әдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. Мысалы, “Батырбек пен Байзаққа”, “Әбділда қожаға”, “Айналайын, Әзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “Шәріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында әлеуметтик ортаның қайшылықтары, атамекенін қорғап, Хиуа хандары озбырлығынан құтқарған ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. ұұмырнамалық өлеңдерінде адамның ана құрсағында пайда болуынан бастап жүз жасқа дейінгі фәнилік кезеңдегі тағдырына дидакт.-филос. шолу жасалады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мәделі”, “Айым қызбен жұмбақ айтысы”, тағыда басқа) айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-т., 1989). Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том, 1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған. Ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы, тағыда басқа зерттеген.
Нұрым ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы жазыңыз.