89. Абайдың реалистігі мен суреткерлігі жайында баяндаңыз.
Абайдың халықтығы мен реализмі», («Народность и реализм Абая») — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет қазақ тілінде «Коммунизм таңы» газетінің 1954 жылғы 5 қыркүйектегі санында, одан кейін орыс тілінде «Литературная газета» (7. IX. 1954), «Ученые записки КазГУ» (19-т. 1955, 1-6-беттер), «Мысли разных лет» (1961, 205-211-6.), «Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер» (1967, 340-346-6.), «М. Әуезов. Собрание сочинении», (5-т., М., 1975, 291-297-6.), «20 томдық шығармалар жинағы» (19-кітап, 1985, 53-59-6.) басылымдарында жарияланды. Әуезов мақалада ұлы ақын шығармаларының құндылық жақтарын саралайды. Ақын поэзиясының өміршеңдігі - онда халық өмірінің, арман-мұңының, жарқын болашаққа ұмтылысының шынайы бейнелеуінде жатыр. Өз халқының, батыс, шығыс әдебиетінен мол сусындаған Абайдың поэзиясы қазақ халқының асыл қазынасына кәусар бұлақ болып құйылып, бүгінгі заманымызда да рухани игілікке айналып отыр. Абай өлеңдерінің өміршеңдігі оның халықтығы мен реалистігінде жатыр. Қазақ өмірінің әлеуметтік қайшылықтарға толы тұрмыс-тіршілігінің барынша шынайы суреттелуі Абай поэзиясының жаңашылдық сипатын танытады. Өршіл отаншылдықты, гуманистік идеяларды, әділетсіздік пен надандықты барынша әшкерелей шарлаған ұлы Абайды қазақ халқы мақтан тұтады. Мақала қазақ ақынының ұлылық сипаттарын орыс оқырмандарына таныстыру мақсатымен, Абайдың қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай жазылған.[1]
90. Абайдың «Масғұт» поэмасының мән-мазмұнын танытыңыз.
Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.
Ең әуелгі басты кейіпкердің аты – Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат қаласы. Заманы – Һарұн-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз.
Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Поэмада Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың қыдырлығын да баяндамақ емес. Олардың барлығы да - поэманың идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар. Анығында олар шартты түрде алынған аңызды жалпы шартты орта деуге болады.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адамнравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес. Орташа көптің бірі. Әдейі дәулет, өмір, құдірет, ақыл-өнермен асырып шығарған адам емес. Халық ішіндегі, қатардағы қалың көптің жас өкілі. Масғүтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы, Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алыптастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішінен сырын, қасиетін ашуға арналған оңай ғана бір сылтау десек, соның ар жағында керінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады Байлықтан қашады.
Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғүттың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың хәлін қандай трагедиялық, ауыртпалық хал деп отыр.
Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлегенде де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды. Кейін Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады.
Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып үсынып отыр. Сөйтіп, шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған шығармашылық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Ол оқиғаларды, адамдарды барлық мінез істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланады. Сөйтіп, бұл поэманың өмір оқиғасынан, тартысынан тумайды. Қайта сол оқиға, тартысының бәрі ақынның ақылынан туады.
Осындай сюжетті әңгіме құруда, суреттеп көрсету орнына, баяндағыш ойды басшы ету арқылы Абай бұл поэмасының композициясын ойдағыдай толық көркем, түтас етіп шығара алмаған. Ол, әсіресе, осы поэманың екінші белімінен аңғарылады. Композициялық құрылыста логика болмай кетеді. Өйткені, тұтас күрделі сюжеттік құрылысының шартына бағынса, Масғұттың қызыл жемісті жегеннен кейінгі іс-әрекеттері баян етілгенін көрсек керек еді.
Ал, Абайда ол шықпаған. Масғүт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп, тіпті, Шәмси-жиһіан атанады. Ақыл-парасаты арқылы ханның күңі болған делінеді.
Дұрысында, поэма оқиғасының алғашқы белімінде жеткен өрісі бойынша, әйелдер достығынан туған мінез оқиғалар, соның айнапасындағы тартыстар поэманың екінші белімінің үлкен өрісі болу шарт еді. Ал, Абайда - Масғүт бар әйел қауымы түгіл, бір әйелдің достығына да душар болмайды. Оның үстіне поэманың соңғы беліміндегі «жынды су» мотив және одан туатын «жұртың жынды болса, ақылды болма, қосажынды бол!» дейтін қорытындылар бұл поэманың алғашқы бөліміндегі мінез бен істерге логикалық жагынан да қиыспайды. Оқыстан туған оқшау халдер есепті болады. Рас, екінші бөлімдегі «жынды су» арқылы туатын өрескел өзгерістер мағынасыз емес. Ол да Абайдың кейбір сорақы құбылыстарға қатты мысқылмен, үлкен сатиралық сынмен қарайтынын танытады. Поэма дәл осы жәйін жаңағы айтылған жалпы күйлерден бөліп апады. Бұнда да Абайдың бұрынғы өзіндік өлеңдеріндегі сыншыл, әжуашыл ойларды көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |