74. Сүйінбайдың «Датқаларға» туындысының мән-мазмұнын танытыңыз.
Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған.
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген.[1] Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан.
Сүйінбайдың айтыстары мен өлең-толғауларын жинау, жариялау ісі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1920 жылы Түркістан АКСР-і халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған қырғыз (қазақ) ғылым комиссиясы ауыз әдебиеті үлгілерін жинау мақсатында Сырдария, Жетісу облыстарына экспедиция ұйымдастырып, этнограф ғалым Ә.Диваев Сүйінбайдың өлең-толғауларын, айтыстарын жазып алған.
75. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі мен ақындығы, әншілігі туралы баяндаңыз.
Арғын тайпасы Қарауыл руының Есенбай тармағынан шыққан.[1] Әкесінің есімі Қорамса, шешесі – Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – “Балқадиша”. Бұл – өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі – “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы – Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі – “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, – деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.
76. Біржан сал Қожағұлұлы өлеңдері мен әндерінің тақырыптық-идеялық мазмұнын танытыңыз.
Ол 1834 жылы Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келіп, 1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Орта жүз Керей тайпасы Ақсарынан шыққан.1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біржанның үлкен әкесі – Қожағұл, өз әкесі Тұрлыбай қарапайым шаруа болған. Біржан алғаш ауыл арасында ән салып, өнер куған, бертін келе өз жанынан да ән шығара бастайды. Ол — қазақтың әншілік-орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан окиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. Мұнда жастық шақтың от-жалыны да, салдық, серілік салты да, сұлулык атаулыға қызығу да көрініс береді. «Айтбай», «Ақтентек», «Алтын балдақ», «Бірлен», «Ғашығым», «Мәті-Дәулен» сияқты әндер Біржан сал шығармашылығындағы шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Мысалы «Ләйлім-Шырак» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толкынысы, көніл күйі паш етіледі. Біржан сал патриархалды-феодалды заманның етектен тартқан ескілігіне, қарадүрсін заңжосығына, зорлықшыл ісіне, әлеуметтік әділетсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшылдығын әшкерелеп қоймайды, сол сияқты озбыршыл Жанботаларға деген акынның ашу-ызасын білдіреді. Ал «Адасқақ» атты әнінде осы ойын, шонжарларға деген іштегі ыза-кегін одан әрі айқындай түседі. Заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген Біржан салның наразылығы, өкініш үні тіпті оның өмірінің соңғы кезеңінде шығарған «Жамбас сипар», «Теміртас», «Қарасу есік алды» деп аталатын трагедиялық әндерінен де айқын сезіледі.Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салның әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. Б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. Б.). Біржан салның ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Кеңес заманында Ғ. Айтбаев, К, Байжанов, Ә. Кашаубаев, К. Бабаков, Қ. Лекеров, Ж. Елебеков, М. Ержанов сынды әншілер Біржанның өз шығармашылығын, оның әншілік-орындаушылық ерекшелігін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырыпсалма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. Б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара Тастанбекқызы, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Біржан сал өмірінің сонғы кезеңі трагедиялық жағдайда өтті. Ел ішіндегі руаралық талас-тартыстың салдары Біржанға да соқпай кеткен жоқ. Біржанды «жынданды» деп ел арасына жалған лақап таратып, қол-аяғын байлап, жан азабын тартқызады. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржаның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды. Біржан мен Сараның айтысы негізінде КСРО халық артисі, композитор М. Төлебаев қазақ опера өнерінің классикалық туындысы болған «Біржан—Сара» операсын жазды (либреттосы Қ. Жұмалиевтікі). Ал академик А.Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» (1942) атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнады. 1982 ж. Республика жұртшылығы халық композиторының туғанына 150 жыл толуын салтанатпен атап өтті
Шығармашылығы
Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.
Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.
Біржанның өмірінен қысқаша үзінділер:
1865 жылдың жайма шуақ жаз айы. Көк майсалы Көкшетау етегіне тігілген ақ шаңқан үйлер шапқан ат шаршайтындай аймақты алып жатыр. Себебі Сары Арқаның астанасы Омбыдан «генерал-губернатор келе жатыр» деген хабар алыс-жақын аймақты түгел шарлап, қалың ел әуре-сарсаңға түскен. Әсіресе болыс, старшындар қатты әбігер үстінде. Үй тігу, қонақ күту, сән-салтанат көрсету жөнінде бірінен-бірі асып түскісі келіп жанталасуда. Бұл аймақтағы көп болыстың ішіндегі ең көрнектілері – Азнабай мен Жанбота. Азнабай – жуан тұқым Қоңырқожаның баласы болса, Жанботаның «сегіз болыстан шені артық» (Біржан салдың сөзі)...
Түске салым Жанбота тіктірген үйлер жақтан шырқау ән естілді. Бұл – «Сары Арқаны әнмен сандалтқан» Біржанның дауысы екенін естіген жұрт сол жаққа құлақ түріп, аңсары ауа бастаған. Басқа шаруа былай қалып, әсіресе жас жігіттер, қыз-келіншек ән шыққан жаққа ағыла бастады. Бұл – Жанботадан абыройын асырғысы келіп жүрген Азнабай болысқа ұнаған жоқ. Генерал-губернатор келмей жатып, Жанбота ауылының той-думанға айнала бастағанын жақтырмай, араға кісі салып көріп еді, бақталас болыс: «Жастардың қолқалауымен ән салып отырған Біржанға мен не деймін?» - деп қырсық жауап қайтарыпты.
Біржан отырған үйдің иесіне: «генерал-губернатор келгенше қоя тұрсын» - деп сөз айттырса, ол да: «Жиналып тұрған көпшілікке топырақ шаша алмаймын», - десе керек. Бұған ашуланған Азнабай мінезі дөкір, дойыр қамшылы поштабайын жұмсап: «Тоқтат Біржанды!» - деп бұйырады. Поштабай барып бұйрықты жеткізсе, Біржан тоқтамайды. Поштабай әуелі қолындағы домбырасын тартып алмақ болады. Өзі де балуанға түсіп жүрген қарулы Біржан домбырасын бермейді. Сосын поштабай қолындағы қамшымен Біржанды бір тартып жібереді. Мұның аяғы төбелеске айналып, отырған жұрт поштабайды үйден қуып шығады. Бірақ денесіне қамшы тиген Біржан бұған қатты намыстанып, жан айқайы «Жанбота» әнін шығарған. Мұнда өзін қолқалап ертіп келген Жанбота болысқа:
«Жанбота, осы ма еді өлген жерім? Көкшетау боқтығына көмген жерің?!» -Деп ашулана шырқаса да, «қарғаның көзін қарға шұқымайды» дегендей, «азуы алты қарыс» Азнабайға ештеңе істей алмасын байқаған соң, атақты «Адасқақ» әнін шығарған. Онда бұл дүниеде әділеттің жоқтығын, кім болса да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек еместігін, өз күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір сүру керектігін өкіне, ашына айтқан.
Бұдан кейін Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жайма шуақ», «Айтпай», «Бурылтай», «Айбозым», «Асыл-Ақық», «Керкекіл», «Ақ серкеш», «Мәті-Дәулен», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Аққошқар», «Көкек» т. Б. Әндері – мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын «Біржан – Сара» операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да – өлмес қазынамыз.
Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең – менше сүй
77. Біржан салдың Сара ақынмен айтысын тақырыптық-идеялық тұрғыдан баяндап беріңіз.
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі.
Сара мен Біржан айтысы, 1871
Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. Жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан.
Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. Тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Әнбиядан” оқып білгенін дәлел етіп ұсынады. Мұндай жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін әрі қарай жалғастыра береді. Қос жүйрік бұдан әрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дәстүрі, байлық, салтанат, ел басшыларының іс-әрекеттері секілді мәселелерді сөздеріне арқау етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. Қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. Талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. Талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.
78. Майлықожаның мысал өлеңдері мен айтыстары жайлы баяндаңыз.
МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ
Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм жерінде туып өскен. Қожа деген атағы болғанмен Құлыншақ та, Майлы да Қоңыраттан өрбиді.Майлы әуелі үйде, әжесінің үйретуімен сауатын ашып, кейін өз бетімен көп ізденіп, заманына сай білімді адам дәрежесіне жеткен.Майлы 14 жасқа толғанда әке, шешесі бірдей өліп, жеті жасар Есехан деген інісі екеуі жетім қалады.Ақынның өз сөздеріне қарағанда, 20 жас шамасында сөзге араласып, өлең өнеріне беріле бастаған.Бұхара,Самарқант, Ташкент сияқты қалаларда болып, оқыды, тынымсыз ізденді.Майлы Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аудару әрекетін де істеген. Діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған.Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген.1883 жылы Ташкент қаласында басылған. « Қырғыз хрестомастиясы» атты жинақта Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Райамқұлдай мансапқорларды қатты сынаған.«Ноғай мырзалар» деген ұзақ толғауында оны адал болуға, адамгершілікке шақырады.«Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды.Майлықожаның қалдырған мол мұрасын жанры мен мазмұна қарай төрт тақырыпқа жіктеуге болады. Олар: ғибрат, нақылдар ( «Жолдас болсаң жақсымен », «Жақсы адам қартайса», «Құлақ салғын, халайық»), арнау өлеңдер («Тұрлыбекке», «Ахмет төреге», т.б.), дастандар мен мысалдары («Шора батыр», «Қасқыр», «Тотынаме», «Аңқау мырза») (Қазақтар. Тарихи тұлғалар. II том, Алматы, 1998, 119-бет).Әсілхан Оспанов Майлы шығармаларын көптен жинап, зерттеп жүрген адам. «Нақлият» деп аталған жинақ 1993 жылы жарық көрді. Зерттеуші ақын шығармаларының негізі сипаты дидактика, нақыл сөз екенін дұрыс көрсеткен.Майлының кейбір өлеңдері мысалға ұқсайды. Ол Мәделі дәстүрінде адам әрекеттерін хайуанат әрекетіне балап бейнелеген. «Бұлбұл», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Тотықұс»-осындай шығармалар.Майлы шығармалары-өлеңге қойылатын биік талаптарға жауап беретіндей әрі мәнді, әрі сәнді жырлар.Майлы табиғат жырларын поэзияда алғаш жырлаушылардың бірі. Табиғаттың әрбір кезеңін адам өмірінің кезеңдеріне ұштастыра жырлаған. «Жылдың төрт мезгілі» атты арнайы жыры да бар.
79. Майлықожаның «Ажал бір келмес болсашы» туындысының мән-мазмұнын танытыңыз.
Бисмилла деп бастайын,
Жақсылық жетер Тәңірден,
Жоқ күніңді бар қылған,
Денеңе дәрмен салдырған.
Ашықсаң асқа тойдырып,
Аңқасаң суға қандырған.
Жүгірген аң, ұшқан құс,
Қорегін аулап қаңғырған.
Кәрі-жасты өтілер,
Ажалға өзін алдырған.
Құтылған жан болмайды,
Бір Алланың әмірінен.
Дүние – түлкі, ойласаң,
Құйрығын жұртқа шалдырған.
Елдің бәрін алдауда,
Еңбегін кімнің жандырған.
Ер көгерер дұғамен,
Жер көгерер жаңбырмен,
Арғымақ ат шаппаса,
Аяғын дүние талдырған.
Тұйғын, сұңқар ұшса да,
Тор жайылар алдынан.
Ысқырып тұрған аждаһар,
Демімен жерді шаң қылған.
Ажал жеткен уақытта,
Толғандырмай қалдырған.
Ақырып тұрған арыстан,
Мысықтан оңай алдырған.
Ойланғандар ойланып,
Дүниеде жылап, зар қылған.
Көрстанды көргенде,
Көңілің ғибрат алсайшы.
Адаламай көңілдің
Әуесі сірә, қансайшы.
Жақсылардың сөзіне,
Ықыласпен құлай салсайшы.
Арабы аят, хадисті,
Ғалымдардан естіп,
Мағынасын ұғып алсайшы.
Бұл бейопа жаһаннан,
Бір еңбегің жансайшы.
Мұхаммед ғазиз пайғамбар,
Жеті қат өтіп аспаннан,
Ғарыш ағлаға барғанда,
Аллаға дахил болғанда,
Әзәзіл шайтан кез болып,
Алдында жылап тұрғанда,
Рахым етіп, босатпай,
Әнхазірет мойнын қисайшы.
Өзінен соңғы үмметтер,
Өлімнен сірә, тынсайшы.
Еңбекті екі дүние,
Бір ыңғайда тұрсайшы.
Ел қызығы мал, перзент,
Еркімен ел-жұрт жисайшы.
Бір кеуденің ішіне,
Екі талап сыйсайшы.
Аманат жан кеудеден
Айырылып, қашан кеткенше,
Алдамшы мына дүниені,
Адамның көзі қисайшы.
Бұл дүнияда екі жол:
Біреуі оң, бірі сол.
Бірін тапсаң, бірі жоқ,
Дүние қысқа, ақырет мол.
Аңла, бұған әзір бол.
Білініп тұр екі нәрх,
Бір-біріне ісі шарф.
«Халал-харам» деген бар,
Ажырап тұр, екі парық.
Анаусы кетер жеткізбей,
Қайсысына болсаң қарық.
Жақсысын нәсіп қыла көр,
Жаратқан ием Жаппар Хақ!
«Үмбетім» дей көр, Мұхаммед,
Қатерлі жолда жатыр халық.
Алланың әмірінен ешкім құтыла алмайды,кезі жеткенде бәрі өледі.Өлім-ақиқат,Алланың алдында сұралар кезде Мұхаммед Пайғамбарымызға «Үмбетім» деші дейді.Осы өмірді сүріп жатырғанда түзеліп үлгермесек,ана дүниеде барлық ісімізге жауап беретінімізді айтады.
80. Сараның Біржанмен айтысы, ақындық болмысы туралы жазыңыз.
Біржан мен Сара айтысы – өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі. Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрін де (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) толық қамтиды. Бір жағынан, бұл шаршы топта сөз таластырған саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының үлгісі болып саналады.
Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал Қожағұлұлы бұрынғы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түскен табиғи талант иесі көп ұзамай-ақ, әнші ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, жаяу Мұса, Балуан Болақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан. Біржан көптеген ән шығарды. Оның «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ», «Адасқақ», «Жамбас сипар» сияқты әндері – қазақ музыка мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ақын ғана емес, сонымен бірге әнші де. Оның даңқы – әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол – әнді әрі шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар, әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын да. Біржан мен Сара айтысындағы асқақ, өр сөздердің түп-тамыры да осы қысқа-қысқа ән мәтіндерінде жатыр. Біржанның Сарамен айтысы – бүкіл халық игілігі, халықтың тамаша сүйсініп тыңдайтын өлеңі болады.
Сара Тастамбекқызы бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. «Тұрмыстан туысымен таяқ жедім» деген Сара жастайынан әкесі қайтыс болып, жоқшылық тақсіретін тартады. Ән мен күй, асқақ жыр өнерлі Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Сара талай белгілі ақындармен сөз сайысына түскен, талай жүйріктерге алдырмаған.
Біржан мен Сара айтысының тақырыбы – әйел теңдігі. Айтыста феодалдық заманның қатал да ащы шындығы бейнеленген. Қазақ әйелдерінің аянышты, қайғылы халі суреттелген. Қалың мал – қазақ әйелдерін шырмаған ескіліктің мықты торы, айтыста сол қырсықты ескі әдет-ғұрыпқа, салт-санаға наразылық білдіріледі. Біржан Сараның осындай аянышты халіне күйінеді. Ақын қыз сол кездегі әйелдердің ауыр тұрмысын, әйелді тұтқын еткен дін тұзағына да наразылығын білдіреді.
Айтыстың негізгі өзегі әйел бостандығы болса да, мұнда айтыстың дәстүрлі әдісі бойынша, өз рубасыларын, би-болыстарын дәріптеу, мадақтау сияқты қайшылықтар да кездеседі. Соның өзінде де Біржан сөздерінде жаңа бағытқа аз да болса талпыну бары байқалады.
Халық айтыстары, негізінен, екі ақынның бір-бірінің қай жағынан болсын кемшілігін табуға құрылады. Бұл әдіс Біржан мен Сара айтысында да бар. Біржан Сараны сүріндіру үшін оның күйеуінің нашарлығын тілге тиек етеді. Ақыры, сол Жиенқұлдың айналасынан ұзатпай, Сараны жеңеді.
Екеуі де айтыста өздерінің адамгершілік, ақындық сипаттарымен көрінеді. Біржан да, Сара да – үздік өнер иесі. Бір-бірінің бойындағы осы қасиеттерді қапысыз тани біледі. Өлшеусіз талант, әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан, көркемдік, сұлулық жағынан да қазақ әдебиетінің төрінен орын алады
81. Шоқанның саяхаттары және олар туралы еңбектерін баяндаңыз.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, ХЫХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан ХВЫЫ ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі – Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен – полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
Манас дастаны
Қашғарияға сапары
1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.
Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Өлкетану өрісі
Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған.
82. Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ғалым екендігін танытыңыз.
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: «…Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді… Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі сыйлады».Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады.Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», — деп көрсетілген.Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. «Сот реформасы» туралы жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгендігін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол бергендігін әшкерелейді.Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты.Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады.
Достарыңызбен бөлісу: |