Физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі;
Оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамыта және тереңдетеді; Пән аралық байланысты (математика ,химия, астрономия, сызу, биология, география) күшейтуге ықпал жасайды;
Оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Сондықтан да физикадан есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.