Тақырып бойынша есеп шығаруды оңайынан бастау керек, олардың ішінде оқушылардың зейіні берілген тақырыптағы оқып үйренілетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымдардың белгілерін анықтап оның басқа ұғымдарымен байланысын тағайындау төңірегіне тоқталады. Содан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен дұрыс[5].
Физикалық есептерді негізінен мазмұны, дидактикалық мақсаты және шығару тәсілдері бойынша классификацияланады.
Эксперименттік есептер мына типтес болып та келеді:
«Пружинаны белгілі масштабпен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп (градуировка), оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын көрсететін формуланы өрнектеңіз».
«Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі, гальваникалық элемент, кілт, сымдар берілген. Электр қоңырау бір ақ рет шылдырауы үшін электр тізбекті қалай қосу керек? Оның схемасын сызып көрсетіңіз»