Салқын соустар мен тұздықтар
Салқын тағамдар мен басытқыларға қосылатын соустарды дайындағанда сірке суы қосылған өсімдік майына жұмыртқының сары уызын, қыша, құмшекер,корнишон, ақжелкен тұзықтар дәмдік қоспалар, сондай-ақ қаймақ қосып дайындайды. Салқын соустарды қыш немесе эмальды ыдыста жасайды, алюминий ыдыс бұған жарамайды. Еттен не балық етінен жасалған әр түрлі салқын тағамдар мен басытқыларға, көкөніс салаттарына қосылатын соус майонез. Әдетте сатуға түсетін дайын соус майонезді пайдаланады, алайда оны үй жағдайында да жасап алуға болады. Жұмыртқаның шикі сары уызын фарфор не фаянс ыдысқа салады, ерітілген дайын қыша қосып, тұз салып, бәрін араластырады да, үзбей бұлғап тұрып, аз-аздап өсімдік майын құяды. Алдында құйылған май сары уызбен әбден біріккеннен кейін барып қана жаңадан май қосып отырады. Сары май уызбен әбден араласып біртектес болып қоюланған кезде оны қоюлығы сұйық қаймақтай болғанша сірке суына (не лимон шырынына) ерітеді. Әбден дайын болар алдында қаймақ (1/4 стакан) не ұсақтан туралған корнишон (5—6), немесе пісіріп алып, елеуіштен үгіп өткізген қымыздық жапырақтарынан жасалған пюре(2 ас қасық) не томат-пюре қосады. 100 г өсімдік майына: 1 сары уыз, 1/4шай қасық дайын қыша, тұз бен сірке суы — татымына қарай. Пісірілген салқын балыққа, таза балық консервлеріне, майшабаққа, винегретке қосатын қыша соусы. Жұмыртқаны қатқыл етіп пісіріп, ағын турайды, сары уызын қыша, құмшекер, тұз салып мұқият үгітеді, оған аздап өсімдік майын қосады, сірке суына ерітіп, жұмыртқаның туралған ақ уызын қосып араластырады. 1 ас қасық туралған каперс қосуға болады. 2жұмыртқаға: 2 ас қасық өсімдік майы, 1 шай қасық дайын қыша, 3—4 ас қасық сірке суы, тұз бен құмшекер — әркімнің қалауынша. Ет және балық дірілдектеріне, піскен салқын балыққа еттен және балықтан жасалған құймасына, пісірілген ысталған және тұздалған ірі қара етіне қосылатын «сірке суын қосқан ақжелкен» соусы. Қалай дайындалатынын Ақжелкен деген мақаладан қараңыз. Көк салат пен көкөніс винегретіне қосылатын тұздық. Шөлмекке сірке суын құйып алып, тұз, құмшекер, үгітілген бұрыш пен май қосады; шөлмекті тығындал, ішіндегісін әбден шайқап араластырады. Сірке суының орнына лимон шырынын немесе суға еріткен лимон қышқылын пайдалануға болады. 1/4 стакан өсімдік мпйына: 4 ас қасық сірке суы, 1/2 шай қасық құмшекер; тұз бен үгітілген бұрышты дәмі татығанша салады. Ет, балық тағамдарына қосылатын сарымсақ салып, қызанақтан жасалатын тұздық. Қатқыл қызанақты қайнап тұрған суға шайып алып, қабығын аршиды. Бұдан соң қызанақты ет тартқыштан өткізіп ұсақтал турап алған сарымсақ қосып, тұз салады. Мұндай тұздықты қысқа дайындап алуға болады. Шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышта сақтайды. 1 келі қызанаққа: 100 г сарымсақ, тұзы — татымына қарай.
Достарыңызбен бөлісу: |