бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.
Кез келген тақырыпты игерудің нəтижелілігі алдыңғы кезеңде игерілген
білімдердің көлемі мен деңгейіне тəуелді. Егер мұғалімде ондай ақпараттар
болмаса оның оқыту процесін тиімді жобалау жəне басқару мүмкіндігі
төмендейді. Сонымен қатар пəн немесе бөлім бойынша оқушылардың
білімдерін анықтау мұғалімнің өзінің іс-əрекетін дұрыс жоспарлауына жəне
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Аталған міндеттер алдын-ала бақылау
арқылы шешіледі.
1
2
3
4
Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі
олқылықтарды анықтау жəне алдыңғы материалдарды игеруін тексеру
мақсатында іске асырылады.
Қорытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында
өткізіледі.
Тақырыптық бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін
қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың
бұл түрі жүйелеу сабақтарында қолданылады жəне оқушыларды қорытынды
бақылауға дайындайды.
Бақылау əдісі - оқыту процесінің тиімділігі, оқытудың нəтижелілігі
туралы мəліметтер алу мақсатымен оқыту процесіндегі қарама-қарсы
байланыстарды қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді өзара
байланысқан əрекеттер жүйесі.
Бақылау формалары
Жеке
Топтық
Фронтальды
Қазіргі кездегі дидактикада келесі бақылау əдістері көрсетіледі: ауызша
бақылау əдістері, жазбаша бақылау əдістері, практикалық бақылау əдістері,
дидактикалық тесттер. Жекелеген ғалымдар графикалық бақылау əдістерін
(Щукина Г.И.), бағдарламаланған жəне лабораториялық бақылау əдістерін
(Бабанский Ю.К.) көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |