сауда мамандарының пікірін анықтау басты міндет болып табылады. Осы әдіс арқылы халық тұтынатын тауарларға деген сұраныстың даму тенденциясы, есептеу көлемі анықталады. Сонымен қатар, сараптау әдісі арқылы сұраныстың келешекте даму жағдайын коммерциялық жұмысшыларға аса ыңғайлы нысанда ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Маркетингтік зерттеулер жүргізу мақсаты бәсекелестік күрестегі фирманың орнын және жеке тауарларының бәсекеге қабілеттілігінің ақпараттарын жинау және анализдеу, сол ақпарат арқылы бәсекелестік стратегияны таңдау. Оларды зерттеу нәтижесінде таңдаудың келесі екі шеңбердегі мәселе қарастырылады:
Біріншіден, берілген саланың ұзақ мерзімдік перспективадағы тартымдылығын анықтау қажет.
Екіншіден, фирманың бәсекелестік позициясын және сол саладағы фирмалармен салыстырғанда тауарларын анықтау қажеттілігі.
Көбінесе, фирманың бәсекелестік күрестегі позиция сұрақтарын тек қана екінші мәселе шеңберінде қарастырады. Әрине, ең алдымен берілген бизнесті анықтап алу қажет, яғни бірінші шеңбердегі мәселелерді қарастыру қажет.