Қант диабетінің пайда болу себептері:
Вирусты жұқпалар.
Диабеттің дамуына ықпал ететін вирусты жұқпалар: қызамық, вирусты паротит (шошқаборық), желшешек, вирусты гепатит.
Тұқымқуалаушылық ықпал. Әдетте қант диабетімен ауыратын адамдардың туыстарында қант диабеті жиі кездеседі. Егер ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын болса, олардың балалары диабетпен ауыру қаупі-100 %, егер ата-анасының бірі ауырса-50 %, ағасы немесе әпкесі диабетпен ауырса- 25 %.
Артық салмақтық;
Холестериннің шамадан тыс деңгейі;
Қан қысымының жоғарылығы;
Дұрыс тамақтанбау;
Күйзеліс пен уайым.
Қант диабетінің белгілері:
Қатты шөлдеу;
Бөлінетін зәр
мөлшерінің көбеюі;
Жоғары терлегіштік;
Салмақты жоғалту
Қант диабетінің асқынуы: Жіті асқынулар диабеттік кома; гипогликемия. Созылмалы асқынулар жүрек пен қан тамырларын зақымдау; көзді зақымдау; аяқты зақымдау.
Гипергликемия.Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.
Жедел жәрдем:Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0,1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.
3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
Достарыңызбен бөлісу: |