Табиғат қорғаудың бірінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың барлық мақсаттарын ескере отырып жүзеге асыру. Мысалы, орман тек құрылыс материалы емес, ол ауа райын реттеуші, ылғалды сақтаушы, өсімдіктер, аң мен құстар, жәндіктер мекені, топырақты жел және су эрозиясынан қорғаушы, адам денсаулығына пайдалы екенін ескеру қажет;
Табиғат қорғаудың екінші ұстанымы. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын есепке алу керек. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерін ауыл шаруашылығына барынша пайдаланып, оның Арал теңізі үшін маңызы ескерілмеді. Нәтижесінде Арал өңірінде экологиялық дағдарысты жағдай туындады.
Достарыңызбен бөлісу: |