Табиғат қорғаудың үшінші ұстанымы. Табиғат қорла-рын пайдаланғанда олардың бір-бірімен байланыста екендігін есте сақтау, табиғи тепе-теңдік процесін бұзбау керек. Мысалы, Семей өңіріндегі Шыңғастау ормандарының құрылыс үшін кесіліп алынуы – осы өңірдегі аң-құстардың кетіп қалуын, шұрайлы жайылымдардың деградацияланып, нашарлауын туындатты.
Табиғат ресурстарын пайдалану барысында аталған ұстанымдарды және басқа да заңдылықтар мен ережелерді орындау керек.
Қазақстан су қорлары және оларды қорғау. Қазақстан суға тапшы елдер қатарына жатады. Еліміздегі судың негізгі қоры жер үсті ағын және тұйық сулары мен жер асты сулары. Таза су қорларының мөлшері орта есеппен 100,9 млрд. м3, оның 56,5 % Қазақстан территориясында қалыптасады, 44,4 % сыртқы шекаралас территориядан (Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Россия) келеді.
Республика бойынша пайдаланылатын судың негізгі бөлігі (жалпы мөлшердің 77-80 %) ауыл шаруашылығына жұмсалады. Егінді суаруға 1985 ж. 23,4 км3, 1993 ж. – 19,6 км3 су жұмсалынды. Қызылорда облысының егіншілігіне пайдаланылған су мөлшері 1970 ж. – 7192,6 м3, 1980 ж. – 6880 млн.м3, 1990 ж. – 4869,2 млн. м3, 2002 ж. – 2729 млн. м3 (яғни, 1970 ж. салыстырғанда 2,6 есе азайған).
Еліміздегі жер беті су бассейіндерін ластаушы негізгі себептер су қоймаларына (өзен, көл, пруд, т.б.) тазаланбаған немесе жартылай тазаланған лас суларды жіберу.
Республикалық ГОСТ–2874–82 боынша ауыз су құрамының сипаттамасы 30 көрсеткіштер бойынша анықталады, ал әлемдік денсаулық сақтау мекемесінің ұсынысы бойынша ауыз суда анықталып, мөлшерін шектейтін 100 көрсеткіштер бар.
Лас суларды тазалау үшін механикалық, химиялық, биологиялық, әдістемелер қолданылады. Бактериальды ластанған суларды дезинфекциялап залалсыздандырады.
Механикалық тазалау әдістемесінің мәні – лас сулардан қоспаларды механикалық тазалау үшін арнаы құрылыс объектілері салынады. Көлемі 5 мм-ден үлкен қоспалар торлармен ұс-талады, майдалары електермен ұсталып алынады. Минеральды қоспалар, оның ішінде құмдар – құм ұстайтын, су бетіне қалқып шығатындарды – май ұстайтын, мұнай ұстайтын, смола (қарамай) ұстайтын қондырғылар арқылы сүзіп алынады
Химиялық тазалау әдістемесінің мәні – лас суға химиялық заттар қосады. Ол ластаушы заттармен реакцияға түсіп, олар ерімейтін түрге айналады, шөгінді болады. Кейбір ерімитін заттар еритін, бірақ залалсыз қосындыларға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |