Орындаған-Асқар Балжан Бектен Айзада


Топырақ және оны ұтымды пайдалану



бет6/7
Дата29.04.2022
өлшемі112,38 Kb.
#141299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың

Топырақ және оны ұтымды пайдалану. Құрылықтардағы топырақ – бұл коллоидтідисперсті минеральды заттар мен өсімдіктер, саңырауқұлақтар, микроорганизмдердің миллиондаған жылдарғы бірлескен тіршілігі нәтижесінде пайда болған жүйе. Яғни, топырақ құрылық бетіндегі қатты емес, жұмсақ, борпылдақ қабаты.
Қазақстанның бүкіл жер көлемі 27 млн. км2, ал, ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер 222,5 млн. га, оның 185,2 млн. га жайылым, 26,6 млн. га егістік алқаптар.
Топырақта тірі организмдер қалдықтарынан құралған органикалық заттар микроорганизмдер қатысуымен ыдырап, тұрақты зат – гумус (қара шірінді) пайда болады. Бұл топырақ құнарлылығын анықтайтын негізгі фактор. Мысалы, кәдімгі қара топырақтарда қара шірінді мөлшері 7-12 %, ал, Арал өңірі топырақтарында – 1-2,5 % шамасында.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осындай табиғи байлық – құнарлы жерлерді экстенсивті, ретсіз пайдалану нәтижесінде еліміздегі жерлердің экологиялық жағдайы нашарлап, топырақ деградацияға ұшырап, шөлге айналу (аридизациялану) процесі күшейе түсуде. Егістікті жүйесіз суару, минеральді тыңайтқыштар мен гербицид, пестицидтерді сауатсыз пайдалану, органикалық тыңайтқыштарды қолданбау, күріш, бидай, мақта дақылдарын бір жерге көп жыл қатарынан өсіру, топырақтың мұнай өнімдерімен, ауыр металлдармен, басқа да зиянды заттармен ластануы экологиялық дағдарысты жағдайды күшейте түсуде.
Атап айтқанда:
    • Қазақстандағы барлық жерлердің, әсіресе жайылымдардың 62-66 % аридизацияланып, шөлге айналуда;
    • тың өлкесіндегі құнарлы топырақтың, Арал өңіріндегі инженерлі дайындалған суармалы жерлердің қара шірінді (гу-мус) мөлшері 28-35 %-ға азайды;
    • суармалы жерлердің, әсіресе Арал мен Іле өңіріндегі егістік танаптарындағы, сол маңайдағы көршілес табиғи фитоценоздар астындағы топырақтар қайталама тұздану процесіне ұшырап, аталған жерлердің 80-85 % әртүрлі (орташа немесе күшті) деңгейде тұзданған;
    • табиғи жайылымдар жел және су эрозиясына, тұздану процесіне ұшырап, ондағы бұрынғы құнарлы өсімдіктер түрлері азайды, орнына зиянды, құнарсыз шөптер көбеюде, нәтижесінде жайылымдардың өнімділігі күрт төмендеді.

    • Аталған дағдарысты жағдайларды болдырмау үшін көптеген шаралар іс-жүзіне асырылуда. Агроөндірістік кешендерді дамытудың концептуальді бағдарламасына төмендегілер жатады:
    • табиғи экожүйелер мен агроэкожүйелер ара қатынасын оптимизациялау, агроландшафттарды реконструкциялау егіншілікті әртараптандыру (диверсификациялау);
    • Республикамыздағы құнарсызданған, деградацияланған жерлерде дәнді дақылдар егіс көлемін азайту. Ол жерлерге көп жылдық шөптер өсіріп, жер құнарлылығын арттыру, әрі жайылымға айналдыру;

    • Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында жел эрозиясының зиянды әсерін азайту үшін А.И.Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ҒЗ институты егіншіліктегі топырақ қорғау әдістемелік жүйесін жасап, өндіріске ен-гізді. Топырақты қорғауға бағытталған ауыспалы егіс 18,5 млн. га жерде енгізіліп игерілді, дақылдарды жол-жол полосамен орналастыру 3,6 млн. га жеңіл топырақты жерлерде енгізілді, топырақ өңдеу әдістемелері түбегейлі өзгерді (яғни, топырақты аудармай, сыдыра қопсытып өңдеу жүйесі), қар тоқтату, фосфорлы тыңайтқыштарды енгізу, арамшөптермен күресуде гербицидтерді пайдалану, егінді (бидайды) қолайлы мерзімдерде себу, құрғақшылық жылдары тұқымды тереңірек сіңіру, т.б. осы жүйенің басты агротехникалық шаралары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет