Электролиздік әдіс.Электр тоғын өткізіп, судағы ластаушы заттарды тұндыру арқылы тазалайды.
Биологиялық тазалау әдістемесінің мәні – аэробты биохимиялық процестер арқылы ластаушы заттарды, қоспаларды минерализациялау. Органикалық заттар микроорганизмдер көмегімен ыдыратылып, зиянсыз түрге айналады. Нәтижесінде су мөлдір, шірімеген, құрамында О2 бар суға айналады.
Қазақстанның ауа бассейнін қорғау. Атмосфераның ластануы және одан туындаған жағдайлар әлемдік экологиялық проблемаларға жатады. Ол жөнінде 26,27 тақырыптарда баяндалады.
Адамзат қауымы ауа бассейнінің ластануын және одан туындайтын экологиялық апатты жағдайларды болдырмауы тиіс. Атмосфераны ластаушы негізгі көздері, үлес салмағы бо-йынша: тау-кен өнеркәсібі –9,4 %, өндіруші мекемелер – 23,9 %, металлургия өнеркәсібі – 21,2 %, жылу электростанциялары – 28,3 %, транспорт – 3,1 % болып отыр (Ж.Б.Шілдебаев, 2008).
Еліміздегі жүк автокөліктері – 55 %, жеңіл автокөліктер – 34 %, автобустар – 11 %-ға көбейді. Ал, бұл өз кезегінде қалалардағы ауаның ластануын күшейте түсті.
Республикамызда қалыптасқан атмосфераның ластану деңгейін азайтып, экологиялық проблемаларды шешу барлық мекемелер мен бүкіл халықтың міндеті. Ол үшін халықтың экологиялық білімін, тәрбиесін, мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамдық ортақ пікір туғызу, барлық мекемелер мен әкімшіліктерді жұмылдыру керек. Аталған мәселелер жөнінде Елбасының қолдауымен 1996 жылдан бастап бірнеше маңызды құжаттар қа-былданды. Олар: «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999 ж.), «Экологиялық білім тұжырымдамасы» (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы» (2003 ж.), «Экологиялық кодекс» (2006 ж.). Қазақстан Республикасы озон қабатын сақтау туралы келісімге 1998 ж қосылды. Сонымен бірге, Елбасының бастамасымен жүргізіле бастаған «Жасыл ел» бағдарламасы барлық мекемелер, әкімшіліктер, бүкіл халық болып іс жүзіне асыратын мәселе.