Оперативті жоспар - ұйымның өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді ұйым жоспарын айтуға болады.
- Оперативті бақылау дегеніміз- пайдаланбаған резервтерді, қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелерді талдау және бағалау.
- Бақылау жоспарлау процесін аяқтап және жаңа жоспарлау шешімдеріне бастама болады. Тиімді бақылау басқарудың — жоспарлау, ұйымдастыру және мотивациялау сияқты функцияларымен үнемі байланысты болу керек. Бақылау функциясының нәтижесі жоспарды қайта құру, ұйымның басқару құрылымын жетілдіру, мадақтау жүйесін жақсарту т.б. түрінде болуы мүмкін.
Оперативті бақылау - Оперативті бақылау күнделікті операцияларды бақылап, қайталана береді және автоматизациялануға оңай көнеді.
- Бақылау әртүрлі бөлімшелер жұмыстарының нәтижесі туралы информацияны жинап, өңдеп және бара береді.
- Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, яғни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар.
Бақылау процесс ретінде келесі этаптардан тұрады:
1. Өнірістік процесстерді орындау саласы және басқа операциялар салаларында стандарттарды тарайындау;
2. Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
3. Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді. Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады.
К.Маркс өзінің «Капиталында»: «Менеджер дегеніміз – жалдамалы қызметкер» - деген. Ал қызметкерді жалдау деген, қанаумен тең болды.
Менеджердің міндеттері:
1. Басшы қызметкерлерді іріктеп, жұмысты жүйелеп бөліп, әрқайсысының міндеттерін анықтайды;
2. Әрбір қызметкерлердің ролін белгілеп, ұйымның құрылымын құрады;
3. Еңбек ақы құрылымын анықтап, қызметкерлердің штаттық кестесін белгілейді;
4. Жұмыс барысын бақылау арқылы мақтау немесе жазалау шараларын қолданады;
5. Еңбек нәтижесіне байланысты жоғарылату, төмендету және жұмыстан босату шараларын қолданады.
Менеджер осы аталған міндеттерді орындай отырып, басқару ісінде, адамдармен қарым-қатынаста өзінің аса бағалы қасиеттерін көрсете білуі керек.
ЕСКЕРТПЕ
менеджерге мынадай талаптар қояды:
- басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы және осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс;
- басшы қуғындаушы болмауы тиіс, нағыз басшы қарамағындағыларды баулып алға тартады;
- басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс;
- басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс;
- сынды қабылдай білуі, өзі де әділ сынай білуі тиіс;
- басшы жылы шырайлы, әдепті болуы тиіс;
- әзілдей білуі және әзіл-қалжыңды түсіне білуі тиіс, адамдардың көңіл-күйі жақсы болса, еңбек өнімділігі артады;
- табандылық пен өжеттілік;
- тәуекел етуге дайын тұру (біреуге жалтақтамай іске бел шешіп кірісу);
- болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау;
- байланыс орнатуға қабілеттілік (коммуникабельность).
Пайдаланылған әдебиеттер: - Основы менеджмента: Учеб. для вузов / Д.Д. Вачугов, Т.Е. Березина, Н.А. Кислякова и др.; Под ред. Д.Д. Вачугова. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 2003.
- Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. - М.: Гардарики, 2007.
- http://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/98318
- https://www.u-b-s.ru/personal/operativnoeupravlenie.html
Достарыңызбен бөлісу: |