Орындаған: Буликбаева М. М



бет6/20
Дата17.02.2022
өлшемі3,23 Mb.
#132138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
АК2

Жатыр (uterus) — қалың бұлшық еттен тұратын қуысты мүше, алмұрт тәрізді келеді; алдыңғы, артқы жағынан сәл қысылып тұрады. Адам Жатыры кіші жамбас қуысында орналасады. Жатыр денесі алға қарай иіліп, жатыр мойнымен доғал бұрыш жасайды. Оның сырт пішіні алмұрт тәрізді. ұзындығы 8 см, салмағы 40 — 50 г. Жатырдың жоғарғы жағы — Жатыр денесі немесе Жатыр түбі, төменгі жағы Жатыр мойны деп аталады

Артқы көрініс:

Жатыр денесінің қабаттары:

Жатыр мойны (cervix uteri).

Жатыр мойны (cervix uteri).

Жатырдың мойын бөлігі қынап пен жатыр денесінің арасында орналасқан ұзындығы 3-4 см. Мойынның жіңішке қуыс түтігі мойын өзегі деп аталады; жатыр мойны, әстінде, цилиндр тәріздес келеді, тек жыныс мүшелері дамымаған және жас адамдарда ол конус тәріздес келуі ықтимал. Жатыр мойнының ішінде тар канал (өзек, жол) бар, оның үстіңгі және төменгі жақтары ортасына қарағанда тарлау келеді. Үстіңгі жағындағы тесікті ішкі, ал төменгі жақтағы-сыртқы тесік деп аталады. Сыртқы тесік қынапқа қарай ашылады, ал ішкі тесік мойынша каналына жалғасады.


ЦЕРВИКАЛЬДІ КАНАЛ
ž Цервикальді канал, жатыр мойында орналасқан, жатыр қуысы мен қынапты жалғастырып отырады. Қалыптыда ол шырышты қабаттар бөлетін сұйықтыққа толы болады. Сұйықтықтың құрамы мен консистенциясы еттеккір циклінің фазасын анықтайды. Ол небәрі жабысқақ болса, соғұрлым жатырға сперматозоидтың өтуіне мүмкіндігі жоғары болады. Бұл жағдай әйел жыныс гормондарының деңгейін көрсетеді.: прогестерона бұл кезде жоғары, ал эстроген керісінше – төмен. Бірақта фолликулярлы фазаның соңында эстроген біршама жоғарлайды, ол кезегімен секретті қоюлата шығарады.
Жатыр түтігі - ұрықтарды аналық жыныс бездерінен жатырға жеткізетін жұмыртқа өткізгіштің алдыңғы бөлігі. Әйелдердің әрбір жыныс түтігінің ұзындығы 6-20 см-ге дейін, көбінесе 12 см. Жыныс түтігі май құйғыш тәрізді ұшымен аналық без маңында құрсақ қуысында ашылады да, екінші жағымен жатырмен жалғасады. Жатыр түтікшесінің жиырылып қысылуы және оның кілегей қабықшасының тербелмелі эпителийінің жатырға қарай қозғалуы ұрықтанған аналық жасушасын жатыр қуысына жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет