Қарау : жүрек аймағы везуальды өзгермеген. Ұйқы артерияларының патологиялық пульсациясы, мойын тамырларының ісінуі және пульсациясы анықталмады. Жүрек пен эпигастрий аймағында Пульсация жоқ. Жүрек ұшы түрткісі визуалды анықталмайды.
Пальпация: пальпация кезінде жүрек ұшы түрткісі V қабырғааралық бұғана орта сызығынана 1,5 см ішке. Систолалық және диастолалық тремор анықталған жоқ. Пульс симметриялы, ырғақты, қанағаттанарлық кернеу мен толтыру, минутына 65соқ. Курация кезіндегі артериялық қысым 150 / 110 с.б екі қолында бірдей.
Аускультация. аускультация кезінде жүректің дыбыстары үнсіз, ырғақты. III және IV жүрек үндері тыңдалмайды. Патологиялық жүрек және экстракардиальды шу естілмейді.
Несеп шығару жүйесі
Тексеру кезінде бел аймағы өзгеріссіз. Бимануалды терең пальпация кезінде бүйректер пальпацияланбайды. Қуығы пальпацияланбайды . Жоғарғы және төменгі несеп нүктелерінде пальпация ауыртпалықсыз. Ұрғылау симптомы екі жағынан да теріс.Зәр шығару еркін, ауыртпалықсыз. Зәр шығару жиілігі күніне 5-7 рет.
Эндокриндік жүйе
Тексеру кезінде қалқанша безі пальпация кезінде үлкеймеген, ауыртпалықсыз, жұмсақ консистенциялы емес , жылжымалы емес.
Нейропсихикалық статус
Сана айқын, сөйлеу түсінікті. Уақыт пен кеңістіктегі бағдар дұрыс. Ұйқы бұзылған, жад сақталған. Тәбеті орташа. Науқас тітіркенгіш. Үстірт және терең сезімталдық бұзылмаған. Парездер мен параличтер жоқ. Менингиальды белгілер теріс. Жүріс тегіс. Қозғалысы үйлестірілген, тепе-теңдік сақталған.
Ішті тексеру: "бақаның қарыны" формасы, асцит, симметриялы, тері астындағы тамырлар "медузаның басы".
Ішті тексеру: "бақаның қарыны" формасы, асцит, симметриялы, тері астындағы тамырлар "медузаның басы".
Пальпация: Беткей - ауырсыну жоқ, жергілікті және жалпы кернеу жоқ, АҚ сызықтағы грыжа қақпасы, Щеткин-Блумберг симптомы теріс, ісік түзілімдері анықталған жоқ. Терең-пальпация кезінде тығыздау және ауырсыну анықталмады, тоқ ішек пальпацияға қол жетімді емес. Бұлшықеттер орташа дамыған, тонус сақталған.
Бауырды пальпациялау: алдыңғы шеті дөңгелек, беті тегіс.
штің перкуссиясы: тимпаникалық дыбыс, Мендель симптомы теріс, тербеліс симптомы оң, Курлов бойынша бауырдың шекаралары 15*9*7 см, Ортнер, Василенко, Захариннің белгілері теріс. Курлов бойынша көкбауырдың өлшемдері: диаметрі 7 см, ұзындығы 9 см.Іштің аускультациясы: ішектің қалыпты қозғалғыштығы естіледі. Перитонийдің үйкеліс шуы мен тамырлы Шу естілмейді.