Орындаған: Дүйсенбай Гүлжамал 1-тақырып. Эпидемиологиясы


туберкулин бірлігі бар туберкулинді Манту сынамасымен туберкулезді диагностикалау



бет6/8
Дата08.02.2022
өлшемі64,53 Kb.
#98173
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 такырып фтиз Дуйсенбай

2 туберкулин бірлігі бар туберкулинді Манту сынамасымен туберкулезді диагностикалау

Балаларда туберкулезді диагностикалау үшін 2 туберкулинді бірлігі бар Манту сынамасын қолданылады, оның мақсаты:
1) туберкулез микробактериясы алғаш рет жұқтырғандарды және туберкулинге гиперергиялық реакциясы бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау;
2) Кальметт-Герен Бацилла вакцинасымен вакцинациялау және ревакцинациялауға контингентті іріктеу;
3) ауруды ерте анықтау үшін.

2 туберкулин бірлігі бар Манту сынамасын бойынша қарап тексеруге мына балалар жатады:
1) туберкулезбен ауыратын науқаспен байланыста болған балалар (отбасылық, туыстық, мектептік/ұжымдық, пәтерлік және т.б.);
2) вакцинациялау және ревакцинациялау алдындағы 2 айдан асқан балалар;
3) қауіп тобындағы балалар.
Манту және туберкулездің рекомбинанттық аллерген сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.
Манту сынамасы мынадай болып бағаланады:
1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе "инемен шаншу реакциясының" болуы (0-1мм);
2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;
3) оң – 5 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат анықталса;
4) гиперергиялық –15 мм және одан астам диаметрлі инфильтрат немесе инфильтрат көлемі байланыссыз везикуло-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбайды.

Туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
1) оң туберкулинді реакцияның қарқындылығы;
2) Кальметт-Герен Бациласының вакцинадан кейінгі тыртықтардың болуы және көлемі;
3) Кальметт-Герен Бациласының вакцинасын еккенен кейін өткен мерзім (5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция, вакцинадан кейін аллергияның болуын жоққа шығармайды);
4) туберкулезі бар науқастың қарым-қатынаста болуы немесе болмауы.

Аурудың клиникалық белгілерінің болуы. 5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция вакцинадан кейінгі аллегрияны сипаттайды.
  Аллергиялық бағыты бар балаларға алдын ала гипосенсибилизация (сынаманы қойғанға дейін 5 және 2 күнге дейін 2 туберкулин бірлігі бар Манту сынамасының аясында 2 күн), инфекция ошақтарын санациялау, дегельминизация жүргізіледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет