Орындаған: Әбдірайм Қызжан



бет1/6
Дата17.10.2023
өлшемі65,87 Kb.
#185979
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарих2d (копия)



Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті
БӨЖ

Тақырыбы: Оңтүстік Қазақстанды арабтардың жаулауы және Қазақстанға ислам дінінің таралуы.
Орындаған: Әбдірайм Қызжан
Қабылдаған: Жолсейтова Мағрипа
Тобы: ФТФ-311

Жоспар
1.Кіріспе


-Араб шапқыншылық жорықтары, ( Атлах ) шайқасы.
-Араб жаулап алушылығының Орта Азияға тигізетін ықпалы және Қазақстанға дінмен бірге келген тарихи білім.
2.Негізгі бөлім
-XIII-XIV ғғ. Исламның таралу ерекшеліктері. 
-Қазақ хандығы және Патшалық Ресей кезеңіндегі Ислам діні
-Қазақ жеріне исламның діні таралуының тигізген әсері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Арабия түбегінде VII ғасырдың 20-жылдарында діни реформатор Мұхаммед пайғамбарымыздың қызметінің нәтижесінде пайда болған және пайғамбар қайтыс болғаннан кейінгі 20 жыл ішінде сол дәуірдегі аса қуатты державаға айналған Араб халифаты өзінің жаулап алушылық жорықтарымен сол кездегі Иран, Орта Азия және т.б. Орта ғасырлық мемлекеттер тарихына елеулі әсерін тигізгені бізге белгілі.


Араб-мұсылман өркениетінің тарихы сияқты, оның таралуына ықпал еткен факторлардың бірі болып табылатын араб жаулап алуларының тарихы да бұрмаланушылықпен қарастырылып келді. Европа және әсіресе орыс және кеңес зерттеушілерінің еңбектерінде арабтар тұрпайы діндерін күшпен енгізіп отырған ашкөз, фанатик жаулаушылар ретінде көрсетілді. Кеңес тарихнамасы соғысқа баға беруде әр кез методологиялық әлсіздік танытты.Патшалардың, қолбасшылар мен ақсүйектердің әрекеттеріне объективті баға беруге кедергі келтіретін «таптық көзқарас» үстем болды. Объективті талдаудың орнына «Кеңес одағы халықтарының шетжерлік жаулаушыларға қарсы бірігіп күресудегі тағдырының ортақтығын» дәлелдейтін идеологиялық тапсырысты орындауға ұмтылыс байқалды. Ғаламдық ауқымдағы оқиғаларға баға беруде, әркез бірдей орынды бола бермейтін тұрпайы «моральдылыққа» бой бұрылды. Мысалы: араб жаулап алуларына қатысты, ол кейініректе қандай мәдени және моральдық нәтижелерге алып келгендігі анағұрлым маңыздырақ. Соғыстар, жаулап алулар құрбандықтар мен қиратуларсыз болмайды. Тарих тек жасампаз ғана емес, ол сондай-ақ қиратушы да. Арабтар, түріктер, монғолдар әлемдік тарихта әрдайым күні өткен мәдениетті қиратушылар рөлін атқарып отырды. Ерте дүниенің соңына қарай Римнің, Иранның, Орта Азияның және басқа да аймақтардың өркениеттері құлдырап кеткен еді. Ескі өркениеттің орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнауға тиіс болды. Мысалы, күні өткен антика өркениеті көшпелі халық — ғүндардың батысқа қарай қозғалысымен басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде талқандалып, орнына сапалы түрде жаңа өркениет пен қоғамдық қатынастар қалыптасты.Ерте замандардағы жаулаушылықтың рөлін дұрыс түсіну үшін бізге араб-мұсылман мәдениетінің өкілдері көмекке келеді. Атап айтқанда, XIV г. өмір сүрген атақты араб ойшылы Ибн Холдун мемлекеттер мен өркениеттердің пайда болу тарихында көшпенділердің рөліне аса зор маңыз берген.
Тақырыптың зерттелуі. Жалпы, араб жаулап алушылығы мәселесі дүниежүзі тарихшыларының назарына ертеден-ақ ілігіп келеді. XX ғ. Басынан бастап-ақ бүл мәселе төңірегінде батыстың атақты ғалымдары көп зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, араб жаулап алушылығы бұрмаланып келді.Соған қарамастан араб жаулап алушылығы мен исламның орнын, оның әлем халықтарының мәдени дамуына ықпалын объективті түрде зерттеуге ұмтылуы да жоқ емес. Осындай жүмыстардың қатарына А.Мецтің «Мұсылмандық Ренессанс» («Мусульманский Ренессанс») Г.Э.Фон Грюнебаумның «Араб-мұсылман мәдениетінің негізгі белгілері» («Основные черты арабо-мусульманской культуры») У.М.Уоттың «Исламның ортағасырлық Европаға ықпалы» («Влияние ислама на средневековую Европу») атты еңбектерін жатқызута болады. Ағылшын тарихшысы У.М. Уотт өзінің жоғарыда аталған еңбегінде ислам өркениеттің ұлылығы жөнінде айта келе, былай деп көрсетеді: «Христиандар мен мұсылмандар, европалықтар мен арабтар барған сайын «біртұтас әлемге» тартылып отырған қазіргі таңда исламның әлем халықтарына, соның ішінде Европаға ықпалын зерттеу аса өзекті. Ортағасырлардың христиан жазулары мұсылмандарды көп жағдайда заңсыз қаралағанын қазір көпшілік жұрт мойындап отыр. Әлі де болса, біз өзіміздің мәдени мұрамыздағы мұсылман ықпалының рөлі мен көлемін төмендетуге тырысамыз. Европалықтар өздерінің мұсылман мәдениетіне қаншалықты дәрежеде қарыздар екендігін мойындайтын уақыт жетті», — деп көрсетеді. Сонымен қатар араб жаулап алушылығын және араб-мұсылман мәдениетінің әлемдік тарихтағы орнын объективті көрсетуге тырысушы тарихшылардың қатарына сондай-ақ А.Р.Гибб «Арабская литература. Классический период», Э.Леви-Провонсаль «Арабская культура в Испании», Дж С.Тримингэм «Суфийские ордены в исламе», В.В.Бартольд «Ислам», Е.А.Беляев «Арабы, ислам и арабский халифат в ранее средневековье»,О.Т.Большаков «История халифата», зерттеушілерді жатқызуға болады. Аталған еңбектерде араб жаулап алушылығы мен мәдениетіне объективті баға берілгендіктен де, мен өз жұмысымда бұл еңбектердегі тұжырымдарға сүйендім.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет