Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Жалпы тақырыптың мақсаты араб жаулап алушылығының қазақстан жеріне тигізген әсері мен тарихын ,толық зерттеп ,түсіндіру.
Араб шапқыншылық жорықтары “Атлах” шайқасы. Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы VI-VIII ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін соғдылар мен түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, рухани тұрғыдан Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен жаңа Ислам дінінің арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды.VIII ғасырдың ортасында Орталық Азия күрделі геосаяси ахуалды басынан кешірді. Күн шығыстан Тан империясы Орталық Азияға үлкен қауіп төндірсе, күнгей тұстан Умәуилер ұдайы жорықтарын жасады. Сол кезеңде түркілердің қос өкпеден қысқан алпауыттарға қарсы тұратын қауқары болған жоқ. Сөйтіп, Орталық Азия үшін Умәуилер мен Тан империясы тайталасқа түсті. Ал, түркілер осы екі саяси күштің біріне таңдау жасау керек болды. Осылайша түркілер Тан империясына қарсы тойтарыс беруі үшін Умәуилердің көмегіне сүйенді. 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах деген жерде бетпе-бет келген қытайдың 100 мың әскері мен араб әскері арасында қиян-кескі ұрыс жүреді. Бес күнге созылған қан майданда араб қолбасшысы Зияд ибн Салих түркілерлің көмегінің арқасында қытай әскерін қайтып бас көтерместей талқандап, Гао Сянь Чжи қолбасшы аз ғана топпен қашып құтылады. Осылайша қазақ даласының Талас топырағында осыдан он екі ғасыр бұрын Ислам туы желбіреді. Яғни, Ислам дінінің қазақ даласына орнығуы қазақ тарихында «Талас ғазауаты» деп те аталатын Атлах шайқасымен тығыз байланысты.Осы тарихи соғыс сол кездегі Орталық Азияны мекен еткен тайпалар тағдырына елеулі ықпал еткен маңызды оқиға болды. Нәтижесінде Мәуеренахр мен Түркістан өлкесінің тұрғындары қытай экспанциясы қаупінен құтылып, біртіндеп Ислам дініне кіре бастады. Түркі ғалымы Бируни былай деп жазады: “Хорезм тілінде жазып — сызғандарды, халықтың аңызын білгендерді, ғалымдарды, бәрін — бәрін қудалап жойды Қутайба. Бәріде түнекке оранды. Сол себепті бүгінгі таңда бұл аймақтың ислам дініне дейінгі тарих туралы ешбір шындық сақталған жоқ.” Арабтар қарлұқтармен одақтасып, түркеш әскерін талқандады. Арабтардың әскери жеңістері Батыс түрік, соңынан Түркеш қағандықтарының ыдырауын тездеткен фактор болды. 770 ж. Қарлұқ қағандығы арабтардан жеңіліс тауып, Мұхаммед пайғамбарға бас иді. Араб жорықтарының солтүстікке қарай одан әрі өрістеуіне жауынгер түркі тайпалары қуатты тосқауыл болды. Арабтар шабуылын тоқтатып, қорғанысқа көшті. Талас шайқасы мен Мұқанна (ақ киімділер) қарсылық қозғалысы (776 — 780) басылғаннан кейін арабтардың Орталық Азияға ықпалы негізінен бейбіт сипат алды. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі негізінен 8-10 ғасырлар аумағында жүргізілсе, Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақытқа созылды. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнады. Сондықтан исламдану оңтүстік аймақтарда айқын қарқын алғанымен, Қазақстанның қалған бөлігінде өте баяу жүрді. 10 ғасырда араб жиһанкезі Ибн Хаукал: “Тараздан әрі қарай бірде-бір мұсылманды көрмегенін”жазды. Көшпелі тайпалар, әсіресе, кейін қазақ жұртын құрағандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерінің төл діни-нанымдарын, Тәңірге сенімін, күнге, отқа, пұтқа табынушылығын, ғұрып-салттарын сақтап қалды немесе ислам рәсімдерімен қатар қолданды.