Орындаған: Ерғали Мақсат Тобы: стқБ-02-20 Қабылдаған



Дата21.12.2021
өлшемі0,6 Mb.
#104591
түріҚұрамы
Байланысты:
Химия СРС Ерғали Мақсат

Орындаған: Ерғали Мақсат Тобы: СТҚБ-02-20 Қабылдаған:Алиханова Халия Бакадировна Х.Ғ.К профессор

Тақырыбы:Ағзадағы ерітінділердің маңызы. Тірі ағзадағы электролиттер.


Shymkent-2021.

Жоспар:

Кіріспе:

1.Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы.

2.Ерітінділердің құрамы.

3.Ерігіштік.

4.Электролиттер.

5.Әлсіз электролит.

6.Әлсіз электролиттердің ерітінділердегі иондардың концентрациясы және диссоциациялану дәрежесі.

Қорытынды:

Кіріспе:

  • Ерітінді – екі не одан көп компоненттерден (құрамына кіретін заттар) тұратын гомогенді жүйе. Ерітінділер сұйық, қатты, газ тәріздес болады. Ең маңызды ерітінділер – сұйық ерітінділер, олар газ, сұйық, қатты заттардың сұйықтағы ерітіндісі. Адам, жануарлар, өсімдіктер ерітіндісіз өмір сүре алмайды (ас қорыту – көректік заттар ерітіндіге айналады; қан, лимфа – ерітінді). Химиялық процестермен байланысты өндіріс салаларының барлығы ерітіндіні пайдаланады.

Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы.

  • Құрамы тұрақсыз, біртекті жүйе ерітінді деп аталады. Кез-келген сұйық ерітінді еритін заттан, еріткіштен және солардың әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған бөлшектерден тұрады.
  • Ертінділер – кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер.
  • Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.

Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концерацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.

  • Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концерацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.
  • Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез-келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарға ыдырайды, яғни диссоциацияланады.

Ерігіштік:

  • Ерігіштік — заттың белгілі бір еріткіште еру қабілеті. Белгілі бір жағдайдағы заттың ерігіштігінің сипаттамасы ретінде оның қаныққан ерітіндідегі концентрациясы алынады. Сондықтан ерітіндінің құрамын қалай сипаттаса, ерігіштікті де сан жағынан солай сипаттайды. Мысалы, заттың белгілі бір температурада белгілі бір еріткіштегі ерігіштігін оның қаныққан ерітіндісіндегі еріген заттың массалық үлесімен не оның молярлық концентрациясымен сипаттауға болады.

Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тоғын өткізетін заттар.

  • Электролиттер ( грек. lysіs – еру, ыдырау) – еріген немесе балқыған күйде электр тоғын өткізетін заттар.
  • Электролиттерге қышқыл, негіз, тұздың судағы ерітінділері жатады; бұларда электр тогы иондар арқылы тасымалданады. Э ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады. Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді, ол таза металдар, хлор, күшті сілтілер алуда кеңінен қолданылады. Диссоциациялану дәрежесіне қарай Электролит әлсіз және күшті болып екі негізгі топқа бөлінеді. Әлсіз Электролит диссоциацияланған ерітінділерде иондарға жартылай ыдырайды. Әлсіз Э-ге көптеген органик қышқылдар, негіздер, сондай-ақ кейбір бейорганик қышқылдар мен негіздер жатады. Күшті Электролиттик ерітінділерде түгелдей ионға ыдырайды. Барлық тұздар, көптеген органик және бейорганик қышқылдар мен негіздер күшті Э-ге жатады. Ғылым мен техникада Элертролиттердин маңызы зор. Тірі организмдер денесіндегі барлық сұйықтар Электролиттер болып саналады.

Әлсіз электролит - бұл су ерітіндісіне толығымен бөлінбейтін электролит .

  • Әлсіз электролит - бұл су ерітіндісіне толығымен бөлінбейтін электролит .
  • Ерітіндіде иондар мен электролит молекулалары болады . Әлсіз электролит суда ішінара иондалады, ал күшті электролит толығымен ионизирленеді.
  • Әлсіз электролит үлгілері сірке қышқылы, көмірқышқыл қышқылы, аммиак және фосфор қышқылы әлсіз электролиттердің мысалдары болып табылады.
  • Әлсіз қышқылдар және әлсіз негіздер - әлсіз электролиттер. Керісінше, күшті қышқылдар, күшті негіздер және тұздар күшті электролиттер болып табылады. Тұзда судағы ерігіштігі төмен болуы мүмкін, бірақ әлі күнге дейін күшті электролит болуы мүмкін, себебі су толығымен сіңіп кетеді.

Қорытынды:

  • Ерітінділер түзілгенде жылу бөлінуі, жүйе түсінің құрамдас бөліктер түсінен өзгешелігі және ерітінділер көлемінің құрамдас бөліктер көлемінің қосындысына қарағанда кемуі еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатынын көрсетеді.
  • Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет