Орындаған: Еркінбек Динара


Қазіргі тарих философиясы



бет2/3
Дата11.01.2022
өлшемі190,47 Kb.
#111070
1   2   3
Байланысты:
Философия 12

Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады:

• тарихтың мәні мен бағытталуы;

• қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері;

• тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері;

• тарихи процесс ілгерілеуі.

Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады 3

2. Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келгендігін айта кету керек, дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі деп айтуға болмайды, сірә, бұл экзистенциализм өкілдерінің қазіргі философияға қосқан үлесі болса керек.

К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды.

Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)» ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие болады.

Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет