Тақырыбы:Капитал. Ауыспалы айналым және айналым. Орындаған: Гуншебай М
Қабылдаған: Ыбышова С
Алматы 2021ж Жопары: 1. Кәсіпкерлік капитал 2. Негізгі және айнымалы капитал 3. Айналым және ауыспалы айналым капиталдары Максаты: Семинарлық сабаққа дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Ең алдымен, «физикалық тозу» мен «моральдық тозу» анықтамаларын беру. Амортизациялық аударымдарды есептеу жолдарын қарасытыру. Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.
Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.
Физикалық тозу негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен. Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.
Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:
Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.