Орындаған: хтов-102 Мақсот Іңкәр Мұхамадин Гүлназ Азаматова Айгүл


ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІК



бет2/4
Дата11.12.2023
өлшемі1,68 Mb.
#196296
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
386952.pptx
1-курс Құқық
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІК

Біз 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері тұратын елде ІШКІ САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ сақтап, нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды. Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам институттарын дәйекті түрде қалыптастырдық. Адам құқықтары жөніндегі Омбудсмен институты құрылды. Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар.Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі бағыттағы 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы – жеке иелікте. Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың халықаралық орталығына айналды. Әлемдік және дәстүрлі діндердің алғашқы төрт съезі нақ біздің елімізде өтті. ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс.

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ІШКІ САЛЫМДАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ АШЫҚ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық.Біз осы міндетті тарихи тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік.Дәл осы "Қазақстан-2030" Стратегиясында басты назар экономикалық өсуге аударылды. Нәтижесінде, 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті.Елдің ІЖӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6 %-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.Біз сыртқы сауданың – 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік. .Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді дамитын экономикасы бар елміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет