Байланыс орнаған әрбір белгі үшін Стерджесс формуласымен интервал шамасын анықтайды. Белгілер жұбының мәндерін кестенің сәйкес клеткаларында нүктерелмен, одан соң сандармен белгілейді.
Корреляциялық кестеде х белгісінің жеке интервалдары үшін у орта шамаларды анықтайды (немесе х-у үшін):
У және х алынған мәндер бойынша эмпирикалық қисықты салады және оның түрі бойынша байланыс формасын болжайды
Одан кейін байланыс күщінің көрсеткіштері табылады.
Корреляциялық тор
Эмпирикалық қисық
Оқытылатын белгілер арасындағы мөлшерлі тәуелділіктердің орнықтылығы, әр түрлі экономикалық зерттеулер үшін маңызды мән атқарады. Белгілер арасындағы байланыс корреляциялық ( статистикалық ) және функционалдық ( толық ) болуы мүмкін. Функционалдық дегеніміз, функцияның бір айнымалысының әрбір мәніне міндетті түрде анықталған басқа бір айнымалының мәні сәйкес келетін, белгілер арасындағы байланыс. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды белгілер арасындағы функционалдық байланыс сирек кездеседі. Мұнда біреуінің әрбір мәніне екіншісінің бірнеше мәні сәйкес келетін белгілер арасындағы байланыс кездеседі. Мұндай байланыс корреляциялық деп аталады. Корреляциялық байланыс үлкен сандарды бақылағанда көрсетіледі және сәйкес математикалық теңдеулерде көрсетіледі. Түзу сызықты және қисық сызықты, тура және кері, жай және бірнеше корреляциялық байланыстарды ажыратады. Корреляциялық талдау әдісінің көмегімен екі негізгі мәселе шешіледі:
Байланыс теңдеуінің тұлғасын (формасын) және параметрлерін анықтау;
Байланыс тығыздығын өлшеу ;
Белгілер арасындағы тәуелділіктер үшін теңдеулерді таңдап алу корреляциялық талдау үшін қиыныраққа түседі. Қос корреляция үшін математикалық байланыс теңдеуді, графиктерді, корреляциялық кестелерді құрастыру арқылы әр түрлі функцияларды жаңадан қарастыру арқылы орнықтылуы мүмкін.
Экономикалық зерттеулерде көбінесе ỹx =a+b*x түзу сызық теңдеуімен анықталатын түзу сызықты тәуелділік қарастырылады, мұндағы ỹx-нәтижелі белгінің түзетілген мәндері (тәуелді айнымалы), x-факторлы белгінің мәндері (тәуелсіз айнымалы),b-тәуелді айнымалының орташа өзгертілуінің тәуелсіз айнымалының бірге өзгертілуінің көрсететін регрессия коэффициенті. Егер b › 0, онда байланыс –тура, егер b ‹ 0 болса, онда байланыс кері. Бұл теңдеу регрессия теңдеуі немесе корреляция теңдеуі деп аталады.Ең кіші квадраттар әдісі. Регрессия теңдеудің а және b параметрлерін корреляциялық өріс нүктелеріне жақынырақ өтетін регрессияның теориялық сызығын табуға болатындай ең кіші квадраттар әдісімен анықталады, яғни нәтижелі белгінің фактылық мәнінің түзетілген мәндердің ауытқуының ең кіші квадраттар қосындысы:
Достарыңызбен бөлісу: |