Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері, арман-мұраты бейнеленген
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің
дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі
қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін
олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген. Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Тұркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша
мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер - А. Алекторов, Пантусов, А. Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп материалдар енеді.
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, баспа жүзіне шығаруда бірсыпыра еңбек сіңірген адамның бірі -А. Васильев. Оның жинаған материалдары «Дала уалаяты» газеті мен «Торғай облыстық ведомосында» екі тілде үзбей басылып Тұрады және «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1897 жылы «Торғай облыстық ведомосының елу шақты нөмірінде көптеген ертегілер басылады. А. Васильев жинаған «Үлгілер» 1896 жылы Орынборда (сөзі қазақша, әрпі орысша) жеке кітапша болып шығады. 1900 жылы «Дала уалаяты» газетінде «Бозжігіт», 1901 жылы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жарияланды. Бұл екеуін де жинап, газетке бастырған А.Васильев болды. Қазақ ертегілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде советтік дәуірде бірсыпыра жұмыстар істелді. Егер Октябрь революқиясына дейін бұл істі жеке адамдар ғана жүргізсе, советтік дәуірде оған ғылыми-зерттеу мекемелері қатысады, мемлекет тарапыпан каржы бөлінеді. Мүнымен қатар, советтік дәуірде қазақ ертегілері орыс тіліне аударылып бірнеше рет жеке жинақ болып шықты. Бұл жөнінде қазақстандық жазушы Л.В.Макеев пен профессор В.Д.Сидельниковтың еңбектерін айрықша атауға болады.
Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап алушылар болса да, оны ғылыми тұрғыдан баяндайтын үлкенді-кішілі еңбектер болмады. Бұл ретте Потанин, Васильев, Диваев, Мелиоранский т.б. бірен-саран ғана мақалалар жазып, пікірлер айтқан. Олар көбінесе қазақ ертегілерін жинау керектігін сөз етті.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Алайда 30-40 және 50-жылдары казақ совет
әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігі байлар мән үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел
алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды. Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдарына жасала бастағанды. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиев, С. Садырбаев, С. Касқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткілікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б) реалистік (Тұрмыс-салт) ертегілері.
Ертегілер түрлері
Қиял - ғажайып ертегілер
Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәсТұрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер - мергендер, батырлар болып көрінеді.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғаттың тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял - ғажайып ертегілері осы ізде туған. Мұндай ертегілерде реалдық адам образдары мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі. Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері - «Ер Төстік», «Еділ-Жайық», «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Алтын сақа», «Керқүла атты Кендебай», т.б.
Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері де айқын байқалады. Малшылық кәсіптің өзі аңшылық дәуірінен басталған еді. Ертегілерде бұрынғы магиялық ұғым, матриархат дәуірінің салт санасына қарсы күрес бастайтын Ерназарлар емес, Ер Төстіктер. Көп жайда оларды аты да жоқ, тек «бала деп аталады» (Тазша бала).
Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі - жалмауыз кемпір. «Еділ-Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе, «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы, матриархат дәуірінде өндіріс күштері төменгі дережеде болғандықтан, адам етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі «Еділ - Жайық» ертегісінде бар. Ондағы жалмауыз қора-қора малы болса да, адам етін жейді.
Кенже туған әпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар жалмауыз емес, патриархат дәуірінің батыр, мергендеріне қарсы күресіп жүретін, төтелей қауіптен гөрі айла-сиқыры көп, адамды алдаусырата келіп қолға түсіретін хандардың қол шоқпары ретінде көріне бастайды. Бұл кездегі аты - мыстан. Бірақ олардың матриархат кезеңіне тән басты белгісі үдайы сақталып отырады. Мысалы, ешбір ертегі, не әпостық жырда мыстандардың ер адамнан шыққандығы туралы дерек жоқ. Олар жұбайлы некені білмеген."Мүны олардың ерге шықпайтын, бала тумайтын қырық қызының табиғатынан да байқаймыз.
Ер Төстік, Кендебай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен аталық қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, от басы үшін күреседі. Олардың жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. «Қүла мерген» сюжетінде жұбайлы некенің ұйтқысын бүзушы дәулер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық күштерді жеңіп отырады, Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып, достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Жарғаққұлақ, т.б.). Бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда ғана қосылып, көбіне қыз үзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай образдар орыс ертегілерінде де бар (Ветрогон, Горокат т.б.).
Адам әрекеті күшейген сайын оның достары қүс (самұрық), қүмырсқадан да табыла бастайды. Адамның киелі күш екенін айту үшін ертегі күміс кездік, семсер, садақ сияқты сиқырлы құралдарды адам бойына телиді. Бұл - темір қолданудың қуатын көрсету болмақ.
Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлкінің де қызметі жіктеле бастайды. Мысалы, «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісіндегі көк төбет адам жейтін болса, «Алтын сақадағы» иттер адамның досы. Кейде пері қыздары өз сиқырын адам (батыр) пайдасына қолданады. Оған - Күнікей қыздың, ханды қасқырға, уәзірлерді түлкіге айналдыруы куә. Адам енді тілсіз күштердің, түрлі-түспен тұлғаға ене алатын сиқырмен де жан салып күреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей түседі. Мифтік ойлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарын адам әрекеті, еңбек үстінде танудың белгілері бар.
Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұнындағы қайшылық десек, бірде образдық
ойдың фольклорға тән жемісі деп білеміз. М. Горький сөзімен айтар болсақ, халық қиялы сан-алуан мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сырын, өмір мақсатын танып
білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік (қиял-ғажайып) ертегілері - «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «¥шар ханның баласы», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кендебай», «Ер Төстік», «Еділ - Жайық». Бұл ертегілерде тотемизм сарыны азайған.
«Алтын сақа» ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан. Ішінде тотемдік ұғым да бар. Мысалы, жалмауыз кемпір қуып жеткенде, екі түлкі келіп, бірі оның тісін, бірі кетпенін алып кетеді. Баланың сәлемін қарғалар емес, қарлығаш ғана оның бес төбетіне жеткізеді. Бес төбет жалмауыз кемпірді де, оның артынан іздеп келген қызын да өлтіреді.
Осы сарын «Сырттандар» ертегісінде тіпті айқын. Асылы бұл ертегі бөрі, ит тотемін символдау болса керек. Мұндай ертегілер қазақ фольклорында аз емес.
«Желім батыр», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерінде тартыс жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген.
темір табу IV ғасырдан бар десек, оқиға Алтай - Қытай қарым-қатынасын мегзейді. Ұ шар - бірде Сібір тайпаларының аты болса, бірде Сібір ханы - Ишбара. Жандыбатыр ылғи ғана жаяу жүреді. Оның мәнісі мал шаруашылығының туа қоймағандығында болса да ғажап емес. Бұл қазақтың мифологиялық ертегілерінің ішіндегі
көнелерінің бірі.
Мифологиялық ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, Тұрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың
әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр. Проблемасы тек Жанды батыр, Ер Төстіктердің төңірегіне құрылған. Ғашықтық қыздар
емес, ерлер, бала батырлар басында.
Мифологиялық ертегілердің бас қаһарманы - мерген балалар. Олар бірде кемпір мен шал, бірде бай, бірде хан баласы, кейде атасы жоқ, тек кемпір баласы делінеді. Кендебай, Қазанғап деген кедейдің баласы. Ол мифтік патшаға (пері патшасына) түтқын болған Мергенбайды қүтқарып, пері қызына үйленеді. Оның жолындағы бөгет - жеті басты дәу, арыстан, жалмауыз кемпір, ең үлкені - адам перісі. Мұның бәрі де миф. Қияли ертегіде ат иемдену, мал шаруашылығы туа бастаған. Қүйрығы алтын, жүні құндыз қүлындар да мифтік жылқылар.
Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар. Олардың өздері де көп жайда мифтік образдар болып келеді. Кендебай «өзімдікі» дегенді білмесе, хандар бәрін «өзімдікі» дейді. Мифтік ертегілерде реалдық өмір суреттері аз, бұлдыр.
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен адам арасындағы тартыстарға құрылады. Тұрліше тотем, миф ортасында реалдық адамдар - мергендер мен бала батырлар - арал сияқты болып көрінеді.
Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес, қоғам бақташылық кәсіпке көшкен кезде туған сияқты. Ертедегі мифологиялық ертегілердің нанымдық-географиялық, өмірлік
шеңбері кең де шексіз. Күн, жер, Тұрмыс суреті, кәсіп, нанымдар қазақ ертегілеріне ғана тән емес. Оларды Қытай, Алтай - Саян, Иран, Үнді, грек, орыс мифологияларымен де ұқсатуға рет бар.
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге үқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.
Жан-жануарлар туралы ертегілер
Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болса да, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер дейміз. «Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына
(«Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна»,
«Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, қүйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет түтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға айналдырған.
Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы - жоқтау:
Жаралғанннан жасымнан,
Үстіме кілем жамылдым.
Күйіп, жанып сабылдым.
Көрер күнім бар ма екен.
Тартып беру бала үшін,
Мен ботамды сағындым.
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген үшқан қүстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сүрайды. Иесі түйені қүтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір түтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай Тұрлі жыртқыш аңқарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып
келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, үйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан - қанаушылар бейнесін суреттейді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл - баққүмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр - қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім,
тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», - дейді.
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.
Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.
Шыншыл ертегілер
Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді. Олардың көбісі - халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сүра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жүрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.
«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.
«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен қүдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке Тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мүрат-мақсатына жетеді,
«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «¥р тоқпақ» ертегісінде үрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Үрлық түбі - қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі - Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, қүстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады.
Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу - қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша. «Тазша бала» ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны түтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан "қонақ кәде" талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-
кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп
байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-қүлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға
әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге
мектебінің рөлін атқарып келген.
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, түсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.
Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қорьш молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке, достыққа, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп Тұрлі жауыздық, зүлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар ушін тек қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6
жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мумкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын,
ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартгы. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: "Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер - үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді"- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмёндегідей сұрақтар қояды.
І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.
Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.
Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері туралы деректер ұсынылады. "Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі - киял-ғажайып ертегілері" деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер жөнінде, олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық түрде бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн. Мәтінді оқып-талдау үстінде балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:
Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі?
Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?
2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың кандай ғажайып сипаты бар?
3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?
4.Басты кейіпкердің достары мен көмекшілері кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?
Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққүлақ, Таусоғар, Желаяқ, Қолтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.
Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп,оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі
мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабак алады. Окушылардың мектеп сахнасында өздері оқыған ертегілерді қойылым ретінде көрерменге көрсетуіне
мүмкіндіктері бар.
Мысал
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма . Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады.
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле оқыған. Орыс ақындары А.С. Пушкинді, М.Ю. Лермонтовты, С.М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. А.С.Пушкиннің «Ат» деген өлеңі, «Данышпан Аликтің ажалы», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысал жаза бастайды.
А.Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
А. Байтұрсынов И.А. Крылов мысалдарының сюжетін сақтағанмен, қазақ тұрмысын танытатын жаңа ойлар қосып молайтады. Мысалы, «Қасқыр мен тырна» түпнұсқада 19 жол болса, аудармада – 76 жол. «Өгіз бен бақа» түпнұсқада 17 жол болса, аудармада – 36 жол. Басқа мысалдар да осындай жолмен аударылған. Ұлттық сипат тек лемінен ғана емес, кейіпкерлер атынан да аңғарылады. «Қасқыр мен мысық»мысалындағы Васька, Степан, Демьян, Трофим аттарын Қоянкөз, Құрамыс, Көпберген бай, Қисықбай деп өзгертіп алады.
Бұл тәжірибе А.Байтұрсыновтың аудармашы ғана емес, ұлттық әдебиеттегі мысал жанрын дамытушы болғанын дәлелдейді (сур. 1). Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, тәкәппарлық, күншілдік, зорлық, топастық, надандық, қулық, күндестік, үлкенді сыйламау, тойымсыздық, достықты қадірлемеу, жалақорлық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Кейбір мысалдарда тұтас халықтық әлеуметтік мәні бар тақырыптар (отаршылдық, әкімшілдік, зорлық пен зомбылыққа қарсы халық санасына қозғау салатын, қайрат пен жігерге, намысқа шақыратын) қозғалады. Бұған «Қасқыр мен тырна», «Ала қойлар», «Қасқыр мен қозы», «Аңдарға келген індет» т.б. жатады
Тірек сызба
Енді мысалдарының мазмұны мен автордың айтпақ болған ойына тоқталайық.
«Қасқыр мен тырнада» сүйекке қақалып өлгелі тұрған жерінен құтқарған тырнаға қасқыр алғыс айтудың орнына, өзін бас салып, жемек болады. Мысалдағы оқиға көптеген мысалдарға ортақ болғанман, авторлардың әр қайсысы өзінше жазуға тырысады. Ахмет мысалы ұзақ кіріспеден басталады. Қасқырдың тырнаға мақтау – монологін өз жанынан қосады. Мысал соңындағы:
Қиссасы Қасқыр, Тырна болды тамам,
Мінездес қасқырменен кейбір адам.
Басына пәле түсіп, қысылғанда,
Жалынып-жалпаяды келіп саған...
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға
Қасқырдай қаражүрек залымдардың
Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына, -
деген тұжырым қазақылық ұғымға сай келеді
Отаршыл әкімдердің момын халыққа істеген қулық, зорлық-зомбылық әрекетін «Аңдарға келген індет» деген көлемді мысалында суреттейді. Аң патшасы арыстан бар аңдарды жинап алып: «Күнәміз көп болған соң, құдай бізге індет жіберді. Менің де күнәм жетерлік, талай қойды қойшысымен жеп едім. Кімнің күнәсі көп болса, жұрт үшін құрбандыққа жанын қисын», - дейді. Бұны жолбарыс, аю, қасқыр бәрі де қолдайды. Әркім өз сырын айтады. Өгіз тұрып: «Бұдан бес жыл бұрынғы аштықта біреудің шөбін рұқсатсыз ұзіп жеп едім», - дейді. Іле-шала, аю, қасқыр:
«Япырмай, бұл не деген күнә, тақсыр!
Шуылдап қоя берді аю, қасқыр.
Былғады бір өзі емес, бәрімізді,
Біреудің шөбін ұрлап қара басқыр!
Соншама не көрді екен, құдай ұрған?
Обал жоқ бұл көрімге жұртты қырған.
Өзгелер мұнан ғибрат алмас үшін,
Жоялық жылдам көзін, етіп құрбан», -
деп, өгізді алып ұрып, құрбандыққа шалады, күнәдан тазарсын деп отқа салады. Автор «адамның шөбі түгіл, өзін жеген, тісті мен тырнақтылар аман қалды», «айтуға түсін ашып қаймығамын, біреуге кетті ме деп тілім тиіп», деп аяқтайды.
Тауыса алман дүние кебін айтып, санап,
Хәкім аз іс ететін ғаділ қарап.
Залымдар айран ішіп аман кетіп,
Момындар тұтылып жүр шелек жалап.
Мысал «Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады» деген халық мақалын еске салады. Ахмет мысалдарында ұлттық мақал-мәтелдер мазмұнына қарай талғампаздықпен қолданылады. Мәселен, «Әлін білмеген әлек», («Өгіз бен бақа»), «Бастан құлақ садаға», («Қасқыр мен тырна»), «Не ексең, соны орасың» («Қасқыр мен мысық»), «Халық айтса қалып айтпайды» («Қарға мен түлкі»), «Жақсылықты басыңа қыл. Басыңнан асса, досыңа қыл» («Қара бұлт») т.б. мақал-мәтелдерді кездеседі.
Ахмет мысалдары арқылы қазақ халқын бірлікке, ынтымаққа уағыздайды. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы арқылы алған жүкті үш жаққа тартқан алауыздықты шенесе, «Малшы мен масада» жылан шағайын деп келе жатқанда, шағып оятқан масаның достығын түсінбеген малшыны кінәлайды. Ақын өзін ұйқыдағы халқына достығын ұсынған масаға теңейді.
Мысалы,
Қазақ – малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып баққан.
Пәленің түрін көрген мен – Сарымаса
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан.
Ойлаймын осы сөз де жетеді деп,
Қатты айтсам, сөзім батып кетеді деп,
Ұйқысы ашылмаған жұрт өзімді,
Қорқамын сары масадай етеді деп.
Ақын осы ойын толықтырып жазған өз өлеңдерінің жинағын кейін «Маса» қойды.
Крыловқа қол созуына Ахметтің өз айналасына сыншылдықпен қарауы зор себеп болған. Ол өз шығармаларында әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды енді мысал үлгісімен сынап көруге бел байлайды. Крылов суреттеген мінез-құлық, «іс-әрекеттер орыс қауымына ғана емес, қазақ шындығына да тән еді. Ахмет осыны көре білді. Осы жерде орыс-қазақ ақындарының ойлары түйісті.
Жаңа сабақты түсіндіруде осы тірек сызбаны пайдаланып, сабақты пысықтауда немесе қорытындылауда студентке венн диаграммасын сызғызу арқылы олардың сабақты қаншалықты түсінгенін білуге болады. Ол үшін студент Крылов пен Байтұрсыновтың мысалшы ретінде ұқсастықтарын және жеке-жеке айырмашылықтарын жазып беру керек.
“Венн диаграммасы”
А.Байтұрсынов мысалдарының көбін Крыловтан аударған. Аударған мысалдарын қазақ тұрмысымен байланыстырып, өзіндік ойын қосқан. Мысалы, «Аққу,Шортан һәм Шаян», «Шымшық пен Көгершін», «Өгіз бен Бақа», «Қасқыр мен тырна», «Қарға мен түлкі», «Ағаш», «Айна мен маймыл», «Еменнің түбіндегі шошқа», «Аңдарға келген індет», «Қара бұлт», «Ала қойлар», «Малшы мен маса» т.б.
Топтастыру стратегиясы
Осы көрсетілген мысалдары бойынша топтастыру стратегиясын жасап көрсетіп (сур. 3), студенттердің қызығушылғын оятуға болады. Алғашқы бір мысалды оқып, мағынасын ашу үшін
бес жолды өлең әдісін пайдаланып түсіндірген жөн. Осыдан соң студенттерге топтастыру стратегиясындағы кез-келген мысал бойынша осы әдіспен жұмыс жасауға тапсырма беріледі. Үлгермей қалғанын үй тапсырмасы ретінде ұсынуға болады.
«Түлкі мен Қарға» мысалы
1. не? Түлкі Қарға
2. қандай? қу даңғой
3. не істеді? мақтады ірімшікті түсіріп алды
4. не үшін? азық үшін мақтанамын деп
5. жалпы ой түйіндеу. Мақтаншақтықпен мазақ болмау.
Суденттерді топқа бөліп, әр топқа бір мысалдан беру керек. Өздері мысалдың мәтінімен танысып, мысалды үшке бөліп ат қойып, жоспар құрады. Бес жолды өлең қатары бойынша талдау жасайды. Мысалға байланысты мақал-мәтелдер сұралады.
“Өгіз бен бақа” мысалын білім алушылардың өздеріне оқытып, талдауға ұсыну керек.
Не? өгіз бақа
Қандай? үлкен кішкентай
Не істеді? су ішті су ішті
Не үшін? шөлдеген соң еліктеп
Жалпы ой түйіндеу. Шамасына қарай жұмыс істеу.
Мысалды үшке бөліп, оқытып, әр бөлімге ат қойып, жоспар
құрылады. Мысалы:
1.Шаршап, шөлдеген өгіз.
2.Еріккен бақа.
3.«Әлін білмеген әлек».
Эпостың әріден келе жатқан бір түрі - мысал. Мысал ескі Грецияда да болған. бірақ мысалдың қайтадан дәуірлеген, кең түрде жайылған кезі XVII-XVIII ғасырларда болды. Мысал дегеніміз шағын ғана шығарма. Көбіне өлеңмен жазылады. Болмысты перделеу түрінде (екінші түрінде) сықақтап суреттейді. Автор өз көзқарасынша адамгершілікке үндейді, мысалдағы қатысушылар адамша сөйлей алатын, адамша күйініп, сүйінетін не айуан, не басқа нәрселер болады. Бірақ қатысушы адам да бола береді: Мысалдардың көпшілігінде-ақ не басында, не аяғында автор пернелеген нәрсенің негізгі мазмұны, автордың айтайын деген адамгершілік ойы болады. Дворян-буржуазия жазушылары мысалды өздерінің қоғамдық адамгершіліктерін үйретудің құралы етіп қолданды. Бұл үйретулер сатираның кімге қарсы жұмсалуын анықтайтын жазушылардың таптық мүддесі болды. Россияда мысал жазушылар - Сумароков, Крылов т.б. Қазақтың жазба әдебиетінде тұңғыш мысал жазушылар Абай мен Нұржан Наушабаев болды.
Абай мен Нұржан, бір жағынан, халық әдебиетіне еліктесе, екінші жағынан, шығыс, орыс әдебиеттеріне еліктейді. Нұржан өзінің «Өгіз бен есек» деген мысалын «Мың бір түнге» еліктеп жазған. Абай «Қарға мен түлкі», «Шырылдауық шегіртке» дегендерді Крыловтан еркін аударған. Ал бұлардан кейінгі мысал жағынан Крыловқа, Абайға еліктеушілер Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев сияқты жазушылар болды. Қазақ совет әдебиетінде мысал өлеңдермен шұғылданушылар - Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы.
Мысал жазушының қайсысы болсын адамгершілікке үндейді. Өз кезіндегі әртүрлі оңбағандықтарды мінейді. Орыс халқының даңқты мысал жазушысы Крылов өз дәуіріндегі парақоршылық, қара жүрек ел жегіштік, алдампаз, қулық, екіжүзділік тағы басқа осы сықылды мінез-құлыққа қарсы тәрбиелеп, содан бездіруге тырысты.
Мысал біздің совет әдебиетінде де бар. Совет өкіметінің алғашқы кезінде совет жазушылары өмірдің әртүрлі жақтарын мысал етіп, Совет өкіметіне қарсы тапты мысқылдап, оқушыларды оларға қарсы тәрбиелей отырып, өзінің мысалы арқылы жанды, айқын түрде қалың еңбекшілердің алдарында тұрған міндеттерін көрсетті. Сөйтіп, өздерінің мысалдары арқылы революция жұмысына атсалысты. (Д.Бедный, соңғы кезде С.Михалков т.б.)
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы
«Аққу, шортан, Һәм шаян» мысалы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қазақ халқының бір тума ұлы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын таныту. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың әдеби білік-дағдыларын: ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) тәрбиелік: Ахмет Байтұрсынов тұлғасын үлгі ете отырып білімге, ізденімпаздыққа баулу. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. Бейбіт өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Біріккен сабақ - қазақ әдебиеті, информатика
Сабақта қолданылған әдістер: түсіндіру, әңімелеу, іздендіру, талдау, өздігінен білім алу, көрініс, салыстыру, жеке, топтық жұмыс, суретпен жұмыс, сөзжұмбақ шешу, тест, компьютермен жұмыс.
Сабақта қолданылған технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік технология, ойын технологиясы, сын тұрғыдан ойлау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі:
а) компьютер,тақта
ә)А. Байтұрсынұлы мен И.А. Крылов портреттері.
б) тірек - схемалар
в)мысал бойынша берілген сюжеттік сурет-слайдттар
в) үй жұмысы бойынша оқушылар жасаған презентациялар
г)көрініске арналған киімдер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, информатика
Сабақтың өту барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.
2. Кезекшінің анықтамасы.
3.Информатика кабинетінде жұмыс істеу ережелерін қайталау.
Повторение правил ТБ на уроке:
1.Что нельзя делать во время урока?
Предположительные ответы детей:
- бегать, прыгать, ходить
- работать мокрыми руками
- близко сидеть к монитору
- не обязательно вставать, когда отвечаешь
- на клавиатуру ничего нельзя ложить
2. Что можно делать в кабинете?
Предположительные ответы детей:
- отвечать не вставая
- нужно сидеть прямо
3. На каком расстоянии нужно сидеть от монитора?
Предположительные ответы детей:
- нужно сидеть на расстоянии вытянутой руки от монитора
4. В течение урока учащиеся должны проделывать некоторые упражнения для глаз и пальцев рук (если устанут глаза или пальцы рук).
ІІ. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:
-Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың дарынды ақыны, аудармашы, педагог – ғалым
А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен танысамыз.
Ауызша сөйлеу, мәнерлеп оқу, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерімізді дамытамыз. Мысалдың мазмұнын айқындай келе, өмірдің тірегі ынтымақ, бірлік, татулық екендігін түсінесіңдер.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар 3 топқа бөлініп жауап береді. /презентация/
І топ – А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы.
ІІ топ – Мысал деген не? /тірек-сызбамен жұмыс/
ІІІ топ – «Қасқыр мен тырна» мысалы. /көрініс қою/
І топтың оқушылары А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздерінің дайындап келген презентацияларын қорғайды.
ІІ топ жалпы мысал жанры туралы айтып, А.Байтұрсынұлының мысалдарына , аудармашы ретінде қандай орыс ақынының мысалдарын аударғанына тоқталады.
ІІІ топ «Қасқыр мен тырна» мысалы бойынша көрініс дайындап, шығармашылық жұмыстарын ортаға салады.
Көрініс қою.
IV. Жаңа материалды түсіндіру:
- Бүгінгі сабақтың айдары: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
- Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
- Сендер тек жұмыла, бірге жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатына жетесіңдер.
Бүгінгі сабақта барлығымыз бірлесе отырып жұмыс атқарамыз.
-Ахмет Байтұрсынов Крыловтың неше мысалын аударған?
А.Байтұрсынов И.Крыловтың қырық мысалын аударған.
-Мысалдар жинағы қалай аталады?
Мысалдар жинағы «Қырық мысал» деп аталады.
-Ол кітап қай жылы, қайда басылған?
Ол кітап 1909 жылы Петербургте басылған.
-Сонымен, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Осы адамдардың арқасында мысал жанры қазақ әдебиетіне еніп, дамыған жанр.
- Өздерің анықтағандай А. Байтұрсынұлы белгілі аудармашы.
Аударма қиын жұмыс. Жай аударма емес өлең сөзді аударма өте қиын, әсіресе мысалдарды аударуда ақынға шеберлік өте қажет.
Түн нұсқадан, автордың айтар ойынан алыстап кетпей, өз оқырмандарына ұғынықты етіп жеткізу айрықша шеберлікті, даналықты талап етеді.
Бүгін біз А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан, һәм шаян » мысалымен танысамыз.
- Мысал орысша қалай аталады?
- Бұл кімнің мысалы?
- Біз бүгін осы мысалдың қазақша нұсқасымен жұмыс жасаймыз.
1.Жаңа сөздерді игеру.
- оқушылар құлаққапты киіп, сөздерді аудармасымен екі рет тыңдайды
- әр сөзді тыңдап болған соң қайталайды
- сөздердің аудармасын орнына дұрыс қояды
Компьютерде жаңа сөздер берілген, ал аудармасының орындары ауысып жазылған. Тышқанның көмегімен сөздердің аудармасын орнына қою керек.
Учитель информатики:
1. Повторение перехода через Панель задач на текстовый редактор Word;
2. Открытие заготовки «Слова»;
3. Перенести слова на нужные ячейки в таблице.
шаян – рак мәз болмады – не были рады
шортан – щука ғибрат – назидание, пример
аққу - лебедь әуелі – с начало, с перва
жегіліп – впряглись бірлік – единство
тартты – тянули айқанына көнбеу – не слушаться
кейін – назад ынтымақсыз – без согласия
машақат - трудность ісің оңбас – на лад твоё дело не пойдёт
2.Мысалмен жұмыс.
- Енді мысалмен танысалық. /Өлеңді оқушылар құлаққаптарын киіп, компьютерден тыңдайды. Тыңдап болған соң мәтінді оқиды./
Мәтін:
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмсаса орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Асылы жұк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр.
Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Оқушылардын экрандарында мысалға байланысты суреттер шығады.
Мұғалім мысалдың әр шумағын оқып, оқушылармен бірге суретке қарап талдайды.
"Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады.
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн.
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу—көкке, Шаян—кейін.
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Бірінің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты өнеге береді.
Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады.
3. Мәнерлеп оқу.
Мысалды қазақ тілінде екі қатардан екі оқушы мәнерлеп оқиды.
4. Ойын «Кім жылдам?»
Мысалдың орыс тіліндегі аудармасы берілген, ал қазақ тілінде мысалдың әр жолы құрақ қағаздарға жазылған. Оқушылар екі топқа бөлініп І топ 1,2 шумағын, ІІ топ 3,4 шумағын құрақтарды жинап құрастырады.
5.Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақты шешкенде тігінен МЫСАЛДАР деген сөзді оқуға болады.
Учитель информатики:
1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel;
2. Открытие заготовки «Кроссворд»;
3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш;
4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки»
V. Білімдерін бекіту. Тест.
Тест жұмысы компьютерде орындалады. Сұрақтарға жауап беріп болған соң қорытындысы бірден шығады.
Учитель информатики:
1. Повторение перехода через Панель задач на электронные таблицы Excel;
2. Открытие заготовки «Тест»;
3. Переход между ячейками выполнять с помощью курсорных клавиш;
4. Результат можно просмотреть на листе «Оценки»
1.А.Байтұрсынұлы кім?
а/ғалым, ақын
ә/күйші, сазгер
б/академик, жазушы
2.А.Байтұрсынов қай жылы туды?
а/1897
ә/1902
б/1873
3.Оның қандай шығармалары бар?
а/ «Қыс», «Жазғытұры»
ә/ «Әке мен бала», «Асан мен Үсен»
б/ «Қырық мысал», «Балаларды оқуға шақыру»
4.Мысал дегеніміз не?
а/өлеңмен жазылған аллегориялық шығарма
ә/тарихта болған адамдар туралы шығарма
б/ертеден келе жатқан халық даналығы
5.Ақын кімнің шығармаларын аударды?
а/И.Крылов
ә/С.Есенин
б/М.Горький
6.Ынтымақ сөзінің синонимін тап
а/қиындық, машақат
ә/бірлік, татулық
б/достық, жолдастық
7. «Қырық мысал» кітабы қай жерде басылып шықты?
а/Торғайда
ә/Алматыда
б/Петербургте
V.Жазба жұмысы.
Енді мына сөздерге назар аударыңдар, мұнда адамның әр түрлі қасиеттері жазылған. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің қоғамымызға қандай адамдар қажет? Кәне, мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілейік:
1)еңбекқор 7)ақылды
2)әдепсіз 8)залым
3)мейірімді 9)өз Отанын сүйетін патриот
4)ақылсыз 10)еріншек
5)жалқау 11)сауатты
6)дарынды 12)білімді
- Сендерден де осы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.
VІ. Қорытындылау.
- Мысалдың аты: «Аққу, шортан, һәм шаян!
- Авторы – А. Байтұрсынұлы.
- Аллегориялық образы: аққу, шортан, шаян.
- Балалар, олар қайда өмір сүреді?
- Олар суда өмір сүреді.
- Олар не істемек болды?
- Олар жүкті тартпақшы болды.
- Олардың жүктері неге қозғалмады?
- Өйткені олар бір бағытқа емес, әр жаққа тартты.
- Ал, егер олардың бірі күшті болса, не болмақ?
- Егер олардың бірі күшті болса сол тартып кетер еді.
- Сонда ақын бұл образдар арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
- Ақын бұл образдар арқылы ақылсыз, тату емес, ынтымағы жоқ
адамдарды бейнелеген.
- Мұндай бейнелеу қалай аталады?
- Мұндай бейнелеу аллегория деп аталады.
- Мысалда түйінді ой болады дедік, ол не?
- Түйінді ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
- А. Байтұрсынұлының мысалынан түйінді ойыды кім тауып оқып береді?
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
- Сонымен, мысалда түйінді ой шығарманың басында, немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
- Мысал бізді неге шақырады?
- Мысалдың тәрбиелік мәні балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру. Ақынның айтар ойы ,өсиеті де осы.
- Сендер біріге жұмыс жасап өз білімдеріңді көрсеттіңдер. Бірге жұмыс атқарғандықтан барлығыңа баға қоямын. Талаптарыңа нұр жаусын!
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма:
- Мысалды мәнерлеп оқу, түйінді ойды жаттау
Түлкі мен тиін