«Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсінушілік».Атақты лингвист ғалым И. И. Халеева мынандай анықтама береді: «Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-бірін «жат» ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады.»
Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар болсақ, ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, ол әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі мәдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылад. Яғни мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз ол әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Мәдениетаралық қарым-қатынастың негізгі компоненттері мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі және оның сәтті өтуі, яғни нәтижесі бірнеше факторларға байланысты екендігі бізге белгілі. Егерде біз австриялық ғалым Х. Ю. Крумның мәдениетаралық қарым-қатынас жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың қарым-қатынас біліктілігі , сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, сол халықтың мәдени құндылықтары жайлы білімі.