ХХ ғасырдың 70-жылдары әлеуметтік мәдениеттану салаларында өзекті бола бастады. Мәдениетаралық қарым-қатынас ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Н. И. Халееваның айтуынша мәдениетаралық қатысым - коммуниканттар арасындағы вербальді және вербальді емес қарым-қатынас үрдісі. Ал Е.М. Верещагин, В.Г. Костомаровтар «мәдениетаралық қарым-қатынас - ол түрлі ұлттық мәдениетке жататын қатысымдық актіге қатысушылардың бірін-бірі дұрыс түсінуі» дейді. Бұл ұғымның соңғы нәтижесі мәдениетаралық қатысым субъектісін қалыптастыру. Мәдениетаралық қатысым теориясының негізгі зерттеу объектісі - әр түрлі ұлт, халықтардың мәдениет ерекшеліктеріндегі айырмашылықтар болып табылады. Мәдениетаралық қарым-қатынас екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі қарым-қатынастың әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар қарым-қатынастың сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Қарым-қатынастың төмендегі түрлерін атап көрсетуге болады: этника аралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және басқалары.
Мәдениетаралық коммуникация- күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым. Шынында да, философ, тілші, мәдениеттанушы, психолог, әлеуметтанушы, тарихшы, географ, биолог, геолог, химик, физик және т.б., бір сөзбен айтқанда, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының барлық өкілі адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделеп білуі үшін бір арнаға тоғысады.
Мәдениетаралық коммуникация - күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым. Шынында да, философ, тілші, мәдениеттанушы, психолог, әлеуметтанушы, тарихшы, географ, биолог, геолог, химик, физик және т.б., бір сөзбен айтқанда, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының барлық өкілі адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделеп білуі үшін бір арнаға тоғысады.
Мәдениетке қатысты барлық мәселелердің өзектілігі бүгінгі таңда адам нанғысыз өткір сипат алды. Түрлі халықтың мәдениетін зерттеу - мәдениеттану пәнінде басты мәселеге айналды. Будан сәл ғана бұрын бұл мәселеге тарих, философия, филологияның бір бұрышында болмашы ғана орын беріліп еді. Қазір оны Ресей жоғары аттестациялық комиссиясы ғылыми мамандық ретінде айқындап отыр, мәдениеттану пәні бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау үшін мамандандырылған ғылыми кеңестер құрылды; мәдениеттер диалогі мен шиеленістері тақырыптарында мақалалардың көбеюі; мәдениет мәселелерін зерттеушілердің басын біріктіретін қоғамдар мен қауымдастықтардың құрылуы, мәдениет мәселелері бойынша конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар санының күрт артуы; мәдениеттану мен антропологияның барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар даярлаудың оқу жоспарына, тіпті орта мектеп бағдарламасына енуі; жоғарыда аталып өткендей, С. Хантингтонның үшінші дүниежүзілік соғыс жайында: «Бұл мәдениеттер мен өркениеттердің соғысы болады» деген белгілі болжамы - мұның бәрі мәдениет мәселелеріне деген ерекше ықыластың көрінісі.