Мысалы: Италяндық жанұя чернобылдық баланы асырап алады. Түнде Римдегі Украина елшілігіне телефон соғылады. Телефондағы әйел көмек сұрайды. Ол баланың ұйықтамай жатқанын, айқайлап көршілердің мазасын алып жатқанын айтып, тезірек келіп көмектесулерін сұрайды. Оқиға орнына аудармашымен елшілік машинасы келеді. Аудармашыға байғұс бала ұйқысының келіп тұрғанын және олар оған көйлек кигізіп қойғанын айтады. Ұйқыға жату бала үшін «шешіну» дегенді білдіреді. Себебі оның мәдениетінде «ұйқыға жатарда киетін көйлек» деген болмаған. Осындай мәдениетаралық сәйкессіздік екі ұлт өкілінің арасындағы түсініспеушілікке әкеледі. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бір-бірін дұрыс түсіне бермейді, оған себеп мәдениет сәйкессідігі» деп көрсетеді Е.М. Верещагин.

Мәдениетаралық коммуникация қолдану аясы:

Әмбебап – мұнда коммуникация материалдық және рухани әлемдегі кез келген объектінің байланыс амалы.
Техникалық – мұнда коммуникацияның бір нәрсенің басқаша байланысын хабарлау жолы ретінде қарау және ақпаратты материалдық идеалдық объектілердің бір орыннан екінші орынға тасымалдау әдісі.
Биологиялық – биологияның этология бөлімінде аңдар, құстар, жәндіктер және т.б белгілік байланыс амалдарын зерттегенде қолданылады.
Әлеуметтік – адамның алуан түрлі байланыстары мен қатынастарының сипатын және белгісін білдіруге пайдаланылады.