Орындаған: Кенжеғара Аружан Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Жамбыл Жабаев



бет27/31
Дата03.06.2020
өлшемі0,7 Mb.
#72157
түріӨмірбаяны
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Кенжеғара Аружан
Кенжеғара Аружан

Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің ша-ңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-кұлык жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме үқсайды.

Бердібек Соқпақбаев

Сапарғали Бегалин (1895-1983)

Қазақ Совет балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, аға жазушы С.Бегалиннің (1895-1983) ата қонысы – Шоқан мадақтаған,қобызға тартып, ән салған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі – Дегелең таулары. Өз заманында бірнеше мамандық ауыстырған ол бақташыдан бастап газет редакторына дейін қызмет атқарған. Ең алғашқы өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында жарияланды. Жазушының шығармалары әр алуан. Ол ақын: эпик, лирик, ән-өлең авторы. Ол-прозаик, әңгімеші, романист. Ол-этнограф, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам қайраткері. 25поэма, 12повесть, 1роман, көптеген өлең, әңгімелер, 9 шағын пьеса, 50 шақты ән өлеңін жазған. Алғашқы кітабы – «Қыран кегі» - көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған. Аудармашы ретінде А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, Т.Шевченко, А.Твардовский және басқа да ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Жазушы қаламынан шыққан туындылар «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері» оқырмандарын қазақ жастарының өмірі, мөлдір сезімі, табиғат көріністерімен таныстырады. Жазушы Шоқан Уәлиханов бейнесін жасауда елеулі еңбек еткен. Соның нәтижесінде Шоқанның өмір жолын сипаттауға арналған «Шоқан асулары» атты повесі жарық көрді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет