Мерездің диагностикасы: - Мерезді анықтау үшін қан тапсыру қажет. Қан тапсырудың екі тәсәлі қолданылады: трепономдық емес (RPR, RW кардиолипинді антигенмен) және трепономды (РИФ, РИБТ, RW трепономды антигенмен);
- Жалпылама анализ тапсырғанда ( аурухана, поликлиникаларда) трепономдық емес қан тапсыру әдісі қолданылады.Бірақ егер мерез анықталып жатса, толық сенімді болу үшін трепономдық қан тапсыру әдісі қолданылады.
- Емдеудің тиімділігі үшін трепонемдық емес қан тапсыру әдісінің мөлшерлік түрі қолданылады ( мысалы, RW кардиолипинді антигенімен). Трепономды әдіс мерезбен ауырғаннан кейінде өмір бойы қалады. Сол себептен шипалы емді бағалау кезінде трепономдық қан тапсыру әдісі ( мысалға РИФ, РИБТ, РПГА)қолданылмайды .
- Мерезді емдеу тек диагноздың лабораториялық әдістермен анықталғаннан кейін ғана іске асырылады. Емдеу комплексті және жеке (индивидуально) болуы тиіс.Емнің негізін антибиотиктер құрайды. Керек жағдайда қосымша емдерді (иммунотерапия, жалпы толықтырушы препараттар, физиотерапия т.б қолданылады.) Өзіндік ем қабылдау өте қауіпті !
- Мерездің әсерінен туған ұрық көбінесе түсік болып түседі немесе жатыр ішінде өледі. Кейде дүниеге келген нәрестеде мерездің әйгіленімдері байқалады немесе ол біршама уақыт өте келе көрініс береді.
- Жүктілікке ауруды жұқтыру уақыты қалай әсер етеді:
- Коп жағдайда әйелдер ауруды жүкті кезінде немесе жүктілікке 1 жыл бұрын жұқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда нәрестеде аурудың клиникалық белгілері айқын көрініс береді. Егер жүкті әйел мерезбен 2 – 3 жылдан көп ауырса онда нәрестерде мерездің белгілері айқын байқалмайды, бірақ әртүрлі дистрофиялар дамуы мүмкін. Яғни нәрестенің сырт бейнесі сау, ішкі ағзаларында бұзылыстар дамуы мүмкін.
-
- Мерезбен ауыратын және ем қабылдамаған әйелден туған нәрестенің жағдайы қалай болмақ:
- Ондай аналарда тума мерезбен ауыратын нәресте дүниеге келеді.Құрсақішілік өлім 25, 25 – 30 туа сала, 40 кемерездің көріністері кейіннен көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |