Бактериялардың жіктелу негізі. Бактериялардың жіктелу негізіне олардың морфологиялық ерекшеліктері (клетканың пішіні мен мөлшері), спора түзу қабілеті, талшықтардың болуы, грам бойынша бояуға қатысы және және басқалары, сонымен қатар физиологиялық қасиеттері (қоректену түрі, оттегіге қатысы, энергияны алу сипаты және т.б.) жатыр. Бактериялардың белгілерінің саны шектелген болуына байланысты жекелеген түрлерінің эволюциялық дамуын көрсететін бактериялардың табиғи жіктелуі жоқ. Бактериялардың әр түрлі жасанды жіктелуі құрылды. Олардың бірінде Бергидің бактерияларды қысқаша анықтау негізі жатыр. Қазіргі кезде дәл сол жіктеуді ұстанады. Микроорганизмдердің атауы екі латын тіліндегі сөзден тұрады, біріншісі туысын, екіншісі – түрін білдіреді. Ашытқы қамыры, қамыры мен дайын нан-тоқаш және ұнды кондитер өнімдерінде: Escherichia coli (эшерихия коли, немесе ішек таяқшасы); Salmonella (сальмонеллалар) туысы; Staphilococcusaureus (алтын стафилококк); Bacillus cereus (бациллус цереус); Bacillus subtilis (бациллус субтилис); Clostridium botulinum (клостридиум ботулинум) бактериялары кездеседі. Бұл микроорганизмдер зиянды болып табылады. Нан-тоқаш және ұнды кондитер өнімдерінің құрамындағы пайдалы бактерияларға Lactobacillus (лактобациллус) туысының сүт қышқылды бактериялары жатады.
Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар табиғатта кеңінен тараған. Олар жеке патшалыққа бөлінген организмдердің үлкен тобын құрайды. Саңырауқұлақтар патшалығына микроскопиялық мицелиалды саңырауқұлақтар (ертерек олардың зең саңырауқұлақтары деп атаған) да кіреді. Микроскопиялық мицелиалды саңырауқұлақтардың өкілдері Aspergillus (аспергиллус), Penicillium (пенициллиум), Mucor (мукор), Fusarium (фузариум) туыстары және әр түрлі класқа жататын басқа да саңырауқұлақтар болып табылады. Олар ашыту қамыры мен қамырда кездеседі. Құрылымы. Микроскопиялық мицелиалды саңырауқұлақтардың клеткалары созылған пішінге (15-сурет) ие және гифтер деп аталады. Бір-бірімен өріліп, жіп тәрізді гифтер саңырауқұлақ денесін түзеді. Олар мицелии немесе саңырауқұлақ жіпшесі деп аталады. Мицелиий мақта, мамық нәрсеге ұқсас немесе басқа түзіліске тартқан.
15-сурет. Микроскоптық мицелиалды саңырауқұлақтар клеткасының құрылымы: 1 –клетка қабығы; 2–цитоплазманың сыртқы қабығы; 3–рибосомалар; 4–нуклеоидтар; 5 –вакуолдар; 6 –митохондриялар.
Мицелий екі бөліктен тұрады. Жоғарғы – жеміс беретін және төменгі – қоректік. Олар ортаға (субстратқа) саңырауқұлақты қоректендіру қызметін атқарады. Саңырауқұлақты жай көзбен көруге болады. Мицелий клеткасының қолайсыз жағдайларда қорғайтын клетка қабаты 1 бар. Клетка қабаты сонымен қатар клетка пішінін анықтайды. Клетканың іші рибосома 3, нуклеоид 4, вакуолдар 5 пен митохондриялар 6 орналасқан цитоплазма 2 бар. Саңырауқұлақтардың клеткасы көп ядролы. Нуклеоидтар зат алмасу, көбею және тұқым қуалайтын белгілерді беру процесін реттейді. Рибосомалар белок синтезінің орталығы болып табылады. Ал митохондрияларда энергетикалық процестер жүреді. Вакуолдар – бұл қор коректік заттар (гликоген, май, волютин) жинақталатын, клетка шырынымен толтырылған дөңгелек пішінді қуыстар. Микроскоптық саңырауқұлақтар бір клеткалы және көп клеткалы болуы мүмкін. Көп клеткалы саңырауқұлақтардың гифтері бірклеткалы саңырауқұлақтарда жоқ жеке клеткаларға аралықтармен бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |