Орындаған: Мағзомов Қадырбек Қабылдаған: Қалиева Нұрзия Түркістан-2023 Жоспар



бет3/7
Дата02.12.2023
өлшемі1,61 Mb.
#194745
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СМБӨЖ1

Бактериялардың көбеюі. Бактериялар жыныссыз жолмен, негізінен клетканың екі бөлікке қарапайым бөлінуімен көбейеді (13-сурет, а). Клетканың бөлінуі нуклеоидтың бөлінуінен басталады (13-сурет, б). Кейін клетка кабырғасының созылуымен аралық түзіледі (13-сурет, в), әрі нуклеоидтар клетканың әр жартысына ажырайды, және жаңа екі клетка түзіледі (13-сурет, г).

1
3-сурет. Бактериялардың қарапайым бөлінуі жолымен көбеюі.


а–бөлінуге дейінгі бактерия клеткасы; б –нуклеоидтың бөлінуі және көлденең аралықтың түзілуінің басталуы; в –аралық түзілуінің аяқталуы; г –жаңа екі клетканың ажырауы.
Бактериялардың көбеюі қолайлы жағдайда жүреді. Оларға тән ерекшелік процестің жүру жылдамдығы. Бактериялардың бөліну ұзақтығы 30 мин бірнеше сағатқа дейін. Актиномицеттер спорамен, негізінен олардың созылыңқы жіп тәрізді клеткаларының соңында түзілетін сыртқы – экзоспоралармен дамиды. Бактериялар да спора түзеді, бірақ олардың қызметі тіпті басқа.


Спора түзу. Қолайсыз жағдайлардың тууымен кейбір бактериялар спора түзеді (14-сурет, а). Спорогенді аймақ деп аталатын клетка бөлігінде цитоплазманың тығыздануы жүреді. (14-сурет, б). Спорогенді аймақ қалған цитоплазмадан аралықпен – септамен бөлінеді және аналық клетканың цитоплазмалық мембранасымен жабылады. Спораның қабығымен жабылатын, бірнеше қабаттан тұратын проспора түзіледі (14-сурет, в). Спора (14-сурет, г) пісіп жетілгенде, аналық клетка өледі. Спора түзу шамамен 1 тәулікке созылады. Әр бактерия клеткасынада бір сондай спора – эндоспора түзілуі мүмкін. Ол жоғары температура, құрғақтық, уытты заттардың әсері және т.б. сияқты қолайсыз жағдайларға аса тұрақты. Қолайлы жағдайға түскен кезде спора өседі. Сонымен қатар ол ісініп, қабығы жарылып, спора ішіндегіден жаңа клетка өседі. Бұл процесс бірнеше сағат аралығында жүреді. Эндоспораларды түзу қабілетіне тек кейбір таяқша тәрізділер ғана ие.


14-сурет. Бактерияда спораның түзілуі: а–бактерия клеткасы; б–нуклеоид айналасындағы цитоплазманың тығыздалуы; в–клетка қабығында спораның түзілуі; г – спор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет