Жіктелуі
Бұрын қарапайымдылар көбінесе жануарлар әлемінің қосалқы патшалығы болып саналды. Сондықтан гетеротрофты қарапайымдыларды жеке ғылым – протозоология зерттеді, ол зоологияның (жануарлар туралы ғылым) бір саласы болып саналды. Қазіргі кезде қарапайымдылар әдетте балдырлармен және бірқатар саңырауқұлақ тәрізді топтармен (оомицеттер, лабиринтулидтер, миксомицеттер және т.б.) бірге протистердің патшалығына жіктеледі немесе жеке патшалыққа жіктеледі.
Қарапайымдылар - полифилиялық топ немесе патшалық. Бұрын оларға көбінесе кіші патшалық немесе тип дәрежесі берілгенімен. Жануар тәрізді сөзі қарапайымдар сөзінің синонимі ретінде қарастырылды, бірақ қазір жануар тектес қарапайымдылардың бір бөлігі ғана.
19-сурет. Қарапайымдылардың көптүрлілігі.
Сол жақта: кірпікшелі Blepharisma japonicum, жағалы жілікшелі Desmarella moniliformis, жалаңаш амеба Chaos carolinense ;
Оң жақта: паразиттік жалауша Giardia muris, ұрық амеба Centropyxis aculeata, брондалған жілікше Peridinium willei.
Қортынды
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Ротавирус
Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Л.В.Мармузова, Тағам өндірісіндегі микробиология, санитария және гигиена негізі. Мәскеу «Академия» Баспа Орталығы 2014ж.
А. Бұлашев, Ө. Таубаев, Ж. Сұраншиев, К. Мырзабаев, Микробиология. Астана-2014ж
Салхожаева Г.М, Санитарлық микробиология. Алматы 2021ж.
Ахметова С.Б, Санитарлық микробиология. Алматы 2020ж
Достарыңызбен бөлісу: |