Саңырауқұлақтың көбеюі.
Микроскоптық саңырауқұлақтар негізінен екі әдіспен көбейеді. Жыныссыз (вегетативті) және жынысты. Вегетативті көбею гиф кесінділерінің өсуі, олардың төбелік өсуі немесе клетканың бөлінуі нәтижесінде жүреді. Жыныссыз көбею кезінде кейбір гифтердің соңында конидиялар деп аталатын споралар қалыптасады. Ал оларды алып жүретін гифтер конидия тасығыш деп аталады. Басқа саңырауқұлақтарда споралар гиф соңында дамитын ерекше клеткалардың ішінде түзіледі. Бұл клеткалар спорангиялар, оларды алып жүрушілер – спорангия тасушы деп аталады (16-сурет).
16-сурет. Мицелиалды саңырауқұлақтардың спорангия тасушы түзуі: а–сопорангия мен жіпшелі спорангия тасушы; б –спорангия; в –аспергилланың конидия тасушысы; г –пеницилланың конидия тасушысы .
Пісіп жетілген конидиялар төгіледі. Ал споранигиялар жарылады. Және олардан қолайлы жағдайда өсетін споралар төгіледі. Жыныстық көбею кезінде бірінші екі жақын жатқан клетканың бірігуі жүреді. Кейін әр түрлі саңырауқұлақтарда көбею процесі әр түрлі өтеді. Біреулерінде зигота деп аталатын клетка түзіледі, кейін одан жаңа мицелий өседі(17-сурет); басқалардында ішінде спорасы бар сөмке (аска) дамитын жеміс денесі түзіледі (18-сурет). Қолайлы жағдайға түскенде, споралар пісіп жетіледі. Сөмке жарылады, және споралар өсіп, жаңа мицелий түзеді. Саңырауқұлақтардың споралары сыртқы әсерге өте тұрақты, олар бірнеше жыл бойы тіршілікке қабілеттілігін сақтай алады. Микроскоптық саңырауқұлақтар өзінің дамуы үшін оттегінің болуын талап етеді. Яғни аэробтылар болып табылады және ауа болған жағдайда ғана көбейеді. Олардың дамуы үшін оңтайлы жағдай 25...35 0С температура және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70.80%. Mucor туысының саңырауқұлақтары–бір клеткалы, жынысты және спора түзіп жыныссыз жолмен көбейеді. Олар нан мен ұнды кондитер өнімдерін зақымдайды. Aspergillus және Penic Ulium туысы – көп клеткалы. Пішіні бойынша аспергилдердің конидиятасушысы суды шашып жатқан су сепкішке ұқсайды, ал пеницилдерде сүйекті еске түсіреді. Пісіп жетілген кезде спораның көп мөлшерін түзеді, осымен азық-түліктің саңырауқұлақтармен тез зақымдалуы (көгеруі) түсіндіріледі. Аспергилдер мен пеницилдер дән, ұн, престелген ашытқылар, майлар, нан, ұнды кондитер өнімдері мен басқа да өнімдерді зақымдайды. Fusarium туысының көп клеткалы саңырауқұлақтары алқапта қыстаған дәнді, бидай мен қара бидайдың кеш сұрыптарын зақымдайды. Осындай дәннен алынған ұннан жасалынған нанды тағамға пайдалану асқынған тағамдық улануды тудырады.
1 7-сурет. Жіршенің екі кесіндісінің біріккен орнында түзілген зигоспора.
18-сурет. Микроскопты мицелиалды саңырауқұлақтардың жеміс денесі: а–жалпы түрі; б–жеміс денесінің кесіндісі (споралары бар сөмке ішінде).
Достарыңызбен бөлісу: |