«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы»А. Линкольн
“Қарым-қатынас дегеніміз - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс - әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегияларын қалыптастыру, басқа адамды қабылдау мен түсінуді қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс”.
Шевандрен.
Қарым-қатынас
Қарым-қатынас - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс-әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс.
Сөйлесу
Қабылдау
Түсіну
Бағалау
Мойындау
Ой алмасу
Ақпарат беру
Қарым-қатынастағы әдеп принципі:
Үнемі жылы шырай таныту. Мұғалімнің әрбір сөзі оның көңіл-күйін білдіреді. Сөйлем жылы сөзден тұрады. «Қымбаттым» деген сөзді жақсы көрмей тұрып та айтуға болады. Адамдармен араласуда - жақсы көзқарас таныту, жымию, күлімсіреу қарым-қатынастың жақсы екенін көрсетеді.
Үнемі мадақтап отыру. Баланы үнемі мақтап, әрбір әрекетіне көңіл бөліп отыру баланың рухани өсуіне әсер етеді. Олар өздеріне сеніп тапсырылған іске сеніммен кірісіп, қабілетін толық ашуға мүмкіндік алады. Мадақтау, мақтау- балаға білім беру, мінезін тәрбиелеу жолындағы ең маңызды кілт болып табылады.
Ынтымақтастық. «Бірігіп зерттеу» барысында адамдардың бір- біріне ынтымақтастығы, өзара қарым - қатынасына, таным әрекетінің нәтижесі оңды әсер ететінін атап өтуге болады. Егер ойлау мен әрекет етуде бірігу болса, қарым-қатынас ынтымақтастығы тиянақты болады.
Қарым – қатынас құралы
Вербалды (тілдік)
Вербалды емес (ым – ишара, дене мүшелерінің қимыл – қозғалысы, сөйлеу жылдамдығы, ырғағы, мұқамы, дауыстың күші, жүріс, киім киісі және т.б.)
Прагматикалық байланыстыру қызметі – біріккен әрекетте адамдардың қарым –қатынасы жүзеге асады. Қарым – қатынас бұл жерде адамдардың бірігуінің шарты болып табылады
Қалыптастырушы қызметі - қатынас адамдардың психологиялық бейнесінің қалыптасу және өзгерту процесінде пайда болады. Адамның белгілі даму кезеңінде мінез – құлық түрлі өзгерістерге ұшырайды. Соның арқасында баланы өзіне, әлемге қарым – қатынасы дамып отырады.
Растау қызметі - басқа адамдармен қарым – қатынас барысында тұлға өзін тану үшін басқа адамдардан тірек іздейді. Адам өзінің жеке тұлғасын, оның құндылығын басқа адамдар арқылы біледі.
Қарым-қатынастың қызметтері
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі
Қарым-қатынас– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі
процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас-үштарапты үдеріс
Коммуникация
Интеракция
Перцепция
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдықхабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып,түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушыныңжеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзіменқатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.