ҚОРЫТЫНДЫ
Дене шынықтыру тұрғындарды денелік күйін жетілдіру, салауатты өмір салтын ұйымдастыру, өмірлік тәжірибеге және қорғанысқа дайындау бойынша маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Оның мазмұны қимыл әрекетін тиімді қолдануда, барлық халықтың денелік жетілуін дамытуға арналған арнайы құралдар мен әдістерді түзудегі қоғамның қол жеткізген жетістіктерімен айқындалады.
Дене шынықтырудың адамгершілік бағдары бар, өйткені ол адамның рухани дамуына ықпал етеді, жалпы мәдени мәні бар құндылықтарды қалыптастырады. Дене шынықтыру адамның бойындағы материалдық, руханилық, әлеуметтік және биологиялық қасиеттерді байланыстырады. Ол адамның денелік және рухани қасиеттерінің үйлесімділігіне жетудің құралы ретінде қазақ халқының жалпы мәдениетімен диалектикалық бірлестікте қарастырылуы қажет. Адамның денелік жетістігіне арналған, дене шынықтыруды механикалық және тұрпайы қимыл әрекеті ретінде қабылдайтын қалыптасқан түсінігінің ерекшелігі – қазақстан қоғамында дене шынықтырудың құндылықтары, туралы ерекше бір жүйе түзу керек болды, ол дене шынықтыруды ең алдымен тарихи және философиялық-мәдени тұрғыдан қарастыруы қажет.
Қазақтың дене шынықтыру дәстүрлері халықтың тарихымен, оның тіршілік жағдайымен байланысты, оның өткені мен келешегін айқындайды. Оларға адамдардың өндірістік материалдық жағдайын қанағаттандыруындағы тәжірибелік сұраныстарымен, сондай-ақ, адамдардың денелік жетілуге деген табиғи талпынысымен байланысты денелік еңбекпен тікелей байланысты нормалар, дәстүрлер мен ережелері жатады. Қазақ халқы, біздің көпұлтты республикамыздың басқа халықтарындай, ғасырлар бойы өзінің ұлттық салт-дәстүрлерін түзіп, сақтап келген, оның тарихи даму ерекшеліктері айқындалады. Қазақтардың тарихи дене мәдениеті халықтың, қоғамның, рудың өскелең ұрпақты толыққанды денелік дайындауда және ересектерді еңбекке баулуда тәжірибелік сұранысынан туындады. Оның аумағында тіршілік ету, денсаулық пен жұмысқа қабілеттілікті сақтау, денелік және моральдық-ерікті қасиеттерді тәрбиелеу міндеттері шешіліп отырған. Мұның барлығы ұлттық дене жаттығулары мен сайыстары дамуында айқындалмай қалуы мүмкін емес еді. Олай болса, қазақтардың дәстүрлі дене мәдениетінің адамның денелік және рухани жетілуіне ықпал ететін этностық-педагогикалық мүмкіндігі зор.
Біздің мұрағат құжаттарынан айқындағанымыз, Ы. Алтынсарин, Абай отбасылық және еңбек тәрбиесі бойынша барлық уақытта халық дәстүрлеріне сүйенген. Оларды жастарды денелік тәрбиелеу жүйесінде шығармашылық деңгейде қолдана білді. Қазақ ағартушылары жеке тұлғаның денелік жетілуінің басты факторы – еңбек, табиғат, ойындар, отбасының ең маңызды қоғамдық-әлеуметтік институт ретіндегі белсенді қатысуымен жүзеге асырылатын гимнастика деп есептеді. Солардың талпынысы арқасында дене тәрбиесінің негізін қалайтын адам анатомиясы мен физиологиясы пәнін жоғары деңгейде оқыту қамтамасыз етілді.
Далаға саяхат жасау кезінде жинақталған зерттеу материалдары мен нәтижелері бізге дәстүрлі дене шынықтырудың төмендегідей қызметтерін айқындап көрсетуге мүмкіндік берді, олар: сауықтырулы, қорғаныстық, бірлестікті, әлеуметтік-педагогикалық. Барлық бұл қызметтер соншалықты бір-бірімен тығыз байланысқан, тіпті дәстүрлі дене шынықтырудың құралдарын қолданудың шынайы жағдайларында олар кешенді, жүйелі айқындалады. Дәстүрлі дене шынықтыру мазмұны жалпылама қабылданған моральдық ұстанымдар мен рухани байлықтардан тұратын халықтық мерекелерде, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасты беріліп келе жатқан аңыздарда, эпостарда, ертегілерде, мақал-мәтелдерде. Олар қазақ халқы дене мәдениетінің құралдар жүйесінің мәнін құрады. Жастардың денелік даму деңгейінің өзіндік бір бағаламасы ретінде ұлттық мерекелер болды, олардың ажырамас бөлімін ойындар мен сайыстар құрады.
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында, біз «білім-ғылым-инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, бірінішіден, бұл-уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры – деп атап көрсеткен болатын. Өйткені, біз күнде жаңа товарлар мен жаңа азық-түлік туралы білеміз, сол заттарды алғымыз келеді. Неге жұмысымызда да сондай сұраныс болмасқа. Екіншіден, инновациялық әдісте оқыту яғни, өздігінен жаңалық ашу, алдын ала болжау, үшіншіден, оқытудың белсенді әдісі (Майхнер) инновация (лат. сөзінен «жаңа») деген ұғымды береді.” Э.Роджерс: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»- дейді. Олай болса, инновация – жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет.
Инновация кең салалы, кең қолданыста, педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмасада, педагог зерттеуші ғалымдар «білім беру жүйесінедегі жаңалық енгізу» деп пайдаланыста. Инновация ең алғаш мәдениеттанушылар зерттеулерінде енді, қазір барлық қоғамда өзіндік қолданыста. Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инноватиканың білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады.
Педагогикадағы мұндай инновациялардың іктелуі білім беру мекемелерінде ғылыми-әдістемелік жұмыс, инновациялық режимдегі мектептерде авторлық әдістерді, инновациялық интерактив әдісте оқыту, оқытудың белсенді әдісі, оқытудың белсенді түрі, кредиттік оқыту жүйесі, шығармашылық педагогикасы, оқу-тәрбие үдерісін жаңашылдандыру, ғылыми-зерттеушілік эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру қазіргі мектептің басты міндеті болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |