Орындаған: Мешітбай Арман Тобы: дт-ф-16к Жетекшісі


Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс



бет9/15
Дата17.05.2020
өлшемі81,32 Kb.
#69085
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Педагог

1.4.Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс

жасауда қолданылуының тиімділігі

Дарынды балалар – ұлт болашағы.Дарынды балаларды анықтау – нақты бір баланың дамуын талдауға байланысты ұзақ мерзімді процесс. Дарындылықты бір реттік тестілеу процедурасымен анықтай салу мүмкін емес. Сондықтан да дарынды баланы бір сәтте таңдаудың орнына оны арнайы бағдарламамен оқытуда (қосымша білім беру жүйесінде), немесе дербестендірілген білім беруде «жалпы білім беретін мектеп жағдайында) біртіндеп, кезең – кезеңімен анықтауға күш жұмсау керек.


Психометрикалық тесттер дарынды балаларды идентификациялау бағдарламасының аясында қосымша ақпарат көздерінің бірі ретінде қолданылады. Бірақ ол да баланы «дарынды» немесе «дарынды емес» деп шешім шығарудың жалғыз критерийі емес. Дарынды балаларды анықтау мақсатында қолданылатын психология – педагогикалық мониторинг бірқатар талаптарға жауап беруі керек:

1) баланың бейімділіктерінің кең аспекттерін қамтуға және ақпараттың түрлі көздерін қолдануға мүмкіндік беретін оның мінез – құлқы мен әрекетін жан – жақты бағалаудың кешенді сипаты;

2) идентификациялау процесінің ұзақтығы;

3) баланың бейімділіктері мен қызығушылықтарына барынша сәйкес келетін әрекет саласындағы мінез – құлқына талдау;

4) балалар әрекетінің өніміне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, математикалық есептерді шешу тәсілдері және т. б)

5) баланың дарындылық белгісін анықтауда оның психикалық дамуының актуалдық деңгейі ғана емес, оның жақын даму аймағын да ескеру керек. Ерекше бағдарламамен проблемалық сабақтар өткізу, баланың психологиялық «кедергіден» өтуіне игі ықпал ететін тренинг әдістерін қолдану тиімді;

6) нақты бір баланың өзіндік ерекшелігі мен дарындылық түріне сәйкес таңдалатын көптеген психодиагностикалық процедураларды қолдану арқылы тексерудің көп кезеңділігі;

7) диагностикалық тексеруді шынайы өмірлік жағдаят жағдайында, табиғи экспериментке ұқсас формада жүргізу;

8) зерттеушілік әрекетті модельдейтін және балаға барынша әрекет еркіндігін беретін пәндік жағдаятты қолдану;

9) балалар мен жасөспірімдердің пәндік олимпиадалардағы, конференциялардағы, спорттық жарыстардағы, шығармашылық байқау, фестивальдардағы жетістіктерін талдау;

10) психодиагностиканың экологиялық валидті әдістерін – баланың шынайы жағдаяттағы шынайы мінез – құлқын бағалауға мүмкіндік беретін – әрекет нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, ата – аналар мен мұғалімдердің сараптамалық бағасын тірек ету;

Дегенмен дарындылықты анықтаудың кешенді амалы да қателіктерден толық арылта алмайды.Дарынды балаларды анықтауда дифференциялау қажет:

а) берілген жас ерекшелігі кезеңінде қол жеткізілген, дарындылықты дамытудың өзекті (актуальды) деңгей;

б) әрекеттің сан түрінде жүзеге асырумен байланысты болатын дарындылықтың нақты байқалуының ерекшеліктері;

в) баланың дамытылуы тиіс әлеуметтік мүмкіндіктері.
Оқушылардың даралық қабілетін танып білу, дамыту үшін:

1. Балалардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі.

2. Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Дарынды бала, ұстаз, ата – ана, өзге де тікелей қарым – қатынастағы адамдар осы қағидаға сүйене отырып, қажылы еңбек етсе, нәтижеге жетері даусыз.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Оқушылардың ой – өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана – сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыру оқу, тәрбие жүйесіндегі инновациялық технологияларды соның ішіндегі ақпарат технологиясын қазақ тілі сабағында қолдану үлкен жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын.

Мұғалімнің күнделікті кәсіби шеберлігін арттырып, білімін шыңдай түсуі үшін күнделікті оқып – білу, тәжірибе жинақтау қажет. Осы заманғы сабақ берудің озық технологиясын меңгеру кезек күттірмейтін міндет екенін әрбір мұғалім білуі тиіс.

ХХІ ғасыр – озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы.
Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу

Оқу – тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс – тәсілдерді пайдалану.

ІҮ. Жаңалықтарды бекіту

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс – тәсілдері бүгінгі әдістеріміздің ата – анасы» дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымды, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялар:

- жобалау технологиясы;

- саралап даралап оқыту;

- дамыта оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту технологиясы;

- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- сатылай кешенді талдау;

- деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің психо – педагогикалық мақсатын дамытуға бағытталған жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан қамтамасыздандыру. Басқаша айтқанда ақпараттық технологияларды оқыту үрдісіне тиімді пайдалана білу және оның әдістемесін меңгеру.

Білім беруді ақпараттандыру:

- әрбір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;

- білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге;

- оқытуды үрдісінде оқушылардың танымдық іс – әрекетін тиімді ұйымдастыру;

Электронды білім беру ресурстарын пайдалану арқылы даралап оқытуға жаңа ақпараттық технологиялар білім беруде ең алдымен мектептерде тәжірибелі ұстаздардың білімін игеруге, жан – жақты білім алушылардың санын көбейтеді. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық оқулықтар, мультимедиялық презентациялар, анимациялық суреттер және т. б. көмегімен қазақ тілінде монолог және диалог түрінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырманың бірі дене шынықтыру сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Дене шынықтыруды үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видеокөріністер, презентациялар және электрондық оқулықтар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет