Орындаған: Мешітбай Арман Тобы: дт-ф-16к Жетекшісі


Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолдану



бет6/15
Дата17.05.2020
өлшемі81,32 Kb.
#69085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Педагог
Педагог
1.2.Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолдану.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен  байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары  мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»



Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды дене шынықтыруды оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Дене шынықтыруды оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:



Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

- ассоциация;

- бірлестік қызмет;

- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет