Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту, оңтайлы әдіспен оқыту, модульдік технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу.
Қазақ халқының ұлттық дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын айқындау. Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыруын зерттеп, жинақтау, оның педагогикалық мазмұнын ашу ұлттық дәстүрлерді сақтауда және республикамызда дене тәрбиесін жетілдірудің заманауи жүйесін жетілдіруде маңызды рөл атқаруы қажет.
Зерттеу жұмысының міндеті:
Дәстүрлі дене шынықтырудың заманауи жағдайлардағы идеяларын қолдану және оларды жүзеге асыру жолдарын көрсету.
Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық деңгейдегі зерттелуі мен практикадағы күйін айқындау.
Дене шынықтыру сабағында инновациялық жаңалықтарды оқу процесіне енгізу, практикада іске асыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Қазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізу;
Дәстүрлі дене шынықтырудың философиямен, қазақтың ұлттық педагогикасымен, педагогикалық көзқарас тарапынан қарастырылатын әлеуметтік өмірмен байланысын айқындау;
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс.
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: |