Орындаған: Мешітбай Арман Тобы: дт-ф-16к Жетекшісі



бет7/15
Дата17.05.2020
өлшемі81,32 Kb.
#69085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
Педагог

Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.

- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;

- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;

- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;

Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.



Оқытудың компьютерлік технологиясы.Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технологиялар:

1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.



Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

Жеке пәндік педагогикалық технология.1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

- қабілетті балаларды дамыту;



Альтернативті технологиялар.Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:

- жан-жақты дамыту;

- жекелікті тәрбиелеу;

- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

2. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.



3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.



Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. Мектеп – парк (М.Балабан) – түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген – ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер – мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы.

Оқытудың негізгі әдісі – одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.



Модульдік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына  немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:



  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

  • Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет