Орындаған: Мешітбай Арман Тобы: дт-ф-16к Жетекшісі


ІІ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ



бет10/15
Дата17.05.2020
өлшемі81,32 Kb.
#69085
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Педагог

ІІ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

2.1. Дене шынықтыруды оқыту үрдісін компьютерлендіру

  Ұрпақ мүддесі үшін оқу үрдісін жетілдіру күн тәртібінен түспейді, ал қазіргі кезенде ең өзекті мәселе ретінде қайта жалғасын тауып, дамуы тиіс. Мектепте жекелеген пәндерді оқыту кезінде компьютерді пайдаланудың жеке ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік туып отыр. Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында өркениет көшінен қалмау үшін қандай болмасын мүмкіндіктерді қарастыру - күттірмейтін нәрсе. Осындай мәселелердің бірі – дене шынықтыруды оқыту үрдісін компьютерлендіру.

 Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді акпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. Барлық сыныптарда компьютерлендіріп, компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, соның нәтижесінде окушының пәнге қызығушылығын арттыруға күш салу керек.  Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгермейінше, сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес.

Сонымен, оқытуды ұйымдастырудың өте құнды түрі -бағдарламалап компьютермен оқыту.Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі - олар оқушының есту, көру, сөйлеу, түрлі ойындар ойнау, суретгер салуына септігін тигізеді.

Компьютермен оқыту - оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Компьютермен оқыту үрдісін енгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Ал компьютерді толық меңгерген оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындауға мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, бұдан ділгірлік туындап, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.  Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Нашар оқитын оқушы өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін сырласа отырып, ойлануға қолын жеткізеді.

Бір назар аударатын жай, компьютерді қолдану мұғалімнің арнайы дайындығын қажет етеді. Мұғалім компьютерлік сауаттылықтың ғылыми негіздерін білуі шарт. Компьютерлік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Сондықтан да окушы компьютерде жұмыс істеуге қажетті біліктілерді меңгеру қажет.

Мультимедиа бағдарламасы  бойынша, (тест, диктант) алуға болады .

Компъютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін объективті бақылап, материалдың дұрыс өтілгенін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады.

 Қорыта келе айтқанда, электрондық оқулықты  қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  Электрондық окулықтардың тиімділігі мынада:

- оқушы арнайы бағдарламамен жұмыс істейді;

- оқушының білімі компьютерлік жүйе арқылы бағаланады;

- иллюстрациялық әдіс көп қолданылады;

- ойлау жүйесінің дамуына түрткі болады;

- берілген тапсырмаға деген қызығушылығын арттырады.

 Мектепте оқыту процесінде электрондық оқулық қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білімін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады.

 Электрондық оқулықтар арқылы оқыту кезінде 3 қағиданы анықтай білу керек:

1) логикалық ойлау жүйесін дамыту;

2) ойлау белсенділігін арттыру;

3) трансформация әрекетін жетілдіру.

1. Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары:

- заттардың, сөздердің касиеттерін сипаттау;

- берілген қасиеттерге сай немесе басқа нәрселердің ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау.Мысалы: "Сөздерді анықтау", "Артық сөзді табу", "Сөйлемқұрастыру", "Болымсыз сөйлем құрастыру",т.б.

2. Ойлау белсенділігін, оз бетімен жұмыс істеуін дамыту жолдары:

- сұрақ қою;

- шағын пікірталас өткізу;

- мазмұнын айту. 

   Мысалы: "Ситуация құрыңыз",  "Қалай пайдалануға болады?", "Кері сөйле", "Өз ойыңызды айтыңыз".

   3. Трансформация әрекетін жетілдіру бағытында арнайы жаттығулар ұсынуға болады. Мысалы: "Қажеттісін тандап ал", "Қажетті қосымшаңы қойыңыз", т.б.

Компьютерді пайдалану сабақ сапасын көтерумен қатар окушылардың ынғасын, белсенділігін арттыруда ерекше орын алады. Оқушының назарын пән мазмұнына аударады, өз бетінше практикалық  жұмыстарды орындауға қызықтырады. Оқытушы көбінесе оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Көбінесе, проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, инновациялық оқыту, саралап оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, компьютерлік оқыту және жаңа технологиялар бойынша оқыту, электронды оқыту т.б.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет