В. қан ұюының прокаогулянттық кезеңіндегі мембраналық комплекстер құрамын, олардың өзара әрекеттесуі ретін және осы комплекстер құрылымындағы кальций ионының рөлін көрсетіңіз;
Ферменттік кешендердің жасушалық мембраналармен өзара әрекеттесуі кальций иондарының қатысуымен жүреді. Прокоагулянт жолының (II, VII, IX, X) барлық проферменттерінде гепатоциттердің ЭР-да осы ақуыздардың пострансляциялық модификациясы нәтижесінде пайда болатын γ-карбоксиглутамин қышқылының қалдықтары бар.
VIIа, ІХ және Ха факторындағы γ-карбоксиглутамин қышқылының қалдықтары осы ферменттердің жасушалық мембраналардың теріс зарядталған фосфолипидтерімен кальций арқылы өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Кальций иондары жоқ кезде қан ұйытылмайды. Кальций жасушалық мембраналармен ферменттік кешендердің өзара әрекеттесуі үшін қажет.
Қан ұю факторларының белсенділігі; --- қан ұю факторларының оң қайтымды байланыс принципі бойынша белсендірілуі; ----- ферменттік комплекстердің мембраналық фосфолипидтік компоненті. Нәруыз-белсендірушілер қоршауға алынған. 1,2 - VIIa-ҰФ-Ca2+ мембраналық комплексінің VIIa факторы ІХ және Х факторларды белсендіреді; 3 – ІХа-VIII-Са2+ мембраналық комплексінің ІХа факторы Х факторды белсендіреді; 4,5 – Ха- Va-Са2+ мембраналық комплексінің Ха факторы протромбинді (ІІ фактор) тромбинге (ІІа факторға және VIIa факторды белсендіреді; 6-10 – тромбин (Iia факторы) ерімейтін фибриногенді еритін фибринге айналдырады, VII, VIIІ, V және ХІІ факторларын активтейді.
Достарыңызбен бөлісу: |