Орындаған: МҚТӘ-11 магистранты Кайржанова Айым. 9-тақырып: Модернизм туралы мағлұмат Əдебиет пен өнердегі «модернизм»



бет3/4
Дата24.02.2022
өлшемі25,5 Kb.
#133028
1   2   3   4
Байланысты:
9 семинар КАЖБ

Модернизм өнер қайраткерлерінің əлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мəндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мəдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ–ХХ ғ. басындағы көркем- əдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дəуірге сəйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Бұл дəуір Антикалық жəне Ортағасыр дəуірінен кейін келді. Осы екі дəуірдің жиынтығы «Pre-modernity» (модерналды) деп аталады. Модерн тарихи дəуір ретінде модернизм деп аталған ерекше философиялық жəне ғылыми көзқараспен сипатталады. Өкілдері – Бэкон, Декарт, Ньютон, Гегель, Маркс жəне тағы басқалар. Бұл көзқарастың негізгі идеясы – адамның ақыл-ойының əлемді нақты объективті заңдылықтарға бағынатын, біртұтас жүйе деп қарастыру мүмкіндігіне деген сенім, сондай-ақ табиғат пен қоғамныңнегізгі заңдылықтарын табу тарихи прогреске əсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге əлемді соған сəйкес қайта құруға мүмкіндік береді деген сенім.
«Постмодерн» термині пайда болмас бұрын тарихи сахнада ең көп талқыланатын өзекті мəселе модерн еді. Бірақ ол «постмодернизмнен» мүлде басқа арнада қарастырылды. Модерн, біріншіден, эстетикалық модернизм туғызған жəне классицизм қабылдаған классицизм/модернизм (немесе классика/модерннің) қарама-қарсылық тұрғысынан қарастырылды. Классицистер «классиканың қазіргі заманғы мəдениеттің бастауы» деген концепцияны алға тартып, модернизмді көбіне «тарихтың көбігі», кеңестік лексикондағыдай, «капитализмнің шіри бастаған сатысы» деп бағалайтын; ал модернизм болса, «классиканы» əбден біткен əрі керексіз заттардың жиынтығы деп сынайтын. Олар модернизмнің шығармашылық, төңкерісшілдік, прогрессивті, болашаққа ұмтылған сипаттамаларын мақтан ететін. Ал қазіргі постмодернизм классика мен модерннің қарама- қарсылығын жалған, алдамшы жағдай ретінде қарастырады.
Екіншіден, модернизм өнердің классикалық қағидаларын теріске шығарып келген жаңа көркемдік құбылыс ретінде қарастырылады. Сондықтан модернизмнің туындауын ХІХ–ХХ ғғ. деп тарихи тұрғыда таңбалануы осыдан қалған. Көркем модернизм өз дəуірінің əлеуметтік жəне саяси мəселелерінен бастартты деуге болмайды, керісінше, модернистік мектептер төкерісшілдік саяси қозғалыстарда да бой көрсетті, алайда олар болмысты өзгертудегі жетекші рөлді өнерге бергендіктен, қиялшылдық басым болды.
Осы күнде постмодернизмнің пайда болуымен қатар, модернизмге баға беру мəселесі де түбегейлі түрде өзгерді. Егер ертерек кезеңдерде (1960-шы – 70-ші жж. басы) постмодернизм көбіне, ең алдымен, көркем өнер, əдеби жəне архитектуралық стильдермен байланысты болса (егер Х. Бертенске, И. Хассанға, Ч. Дженске ден қойсақ), көп ұзамай ол мəдениет пен қоғамның басқа да салаларына тарады. Модернизм постмодернизмді тек көркем өнердегі ағым ғана емес, белгілі бір мəдениеттің, қоғамның дамуындағы жеке тарихи кезең ретінде көрсетті. Постмодернистер басты назарды өнерге аударып келсе де, олар өнердің қоғамдағы түбегейлі өзгерген мəртебесін негізге ала отырып, саясаттың эстетизациялануының жəне өнердің саясаттануының, «өнердің өмірге бет бұруын» (Бодриар), бұрындары «өнер» мен «өмірді», «мəдениет» пен «

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет