ЕАК = КБ*ӨК, (2)
мұндағы: ЕАК - келісімді еңбекақы төлеу;КБ - өнім бірлігі үшін белгіленген келісімді баға;ӨК - өндірілген өнім (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) көлемі.
Келісімді еңбекақы жүйесінің мынадай түрлері бар: тікелей, жанама, прогрессивті (үдемелі), сыйақылы, аккордты.
Тікелей келісімді еңбекацы. Бұл жүйеде жалақы нақты өндірген өнім (орындаған жүмыс, көрсеткен қызмет) көлеміне тікелей байланысты болады. Мұнда жалақы өндірілген өнім көлемін белгіленген келісімді бағаға көбейту арқылы есептеледі.
Жанама келісімді еңбекақы. Бұл жүйе көмекші жұмыс- шылардың еңбек ақысын төлеуде пайдаланылады. Яғни, мұнда көмекші жұмысшылардың еңбекақысы негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбек нэтижесіне тікелей байланысты болады және оған айтарлықтай ықпал етеді. Мүндай еңбекақы кәсіпорындағы станоктардың, қүрал-жабдықтардың, сондайақ басқа да құралдардың тоқтамай жүмыс жасағаны, өндірістік үрдістің үздіксіздігі үшін слесарларға, операторларға, қүрал- жабдықтарды жөндейтін жэне өндіріске дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |