Ол келесі түрде бөлінген:
• 1 -8 разрядтар бойынша - жұмысшыларға төлемдер;
• 6-15 разрядтар бойынша - қатардағы қызметкерлер;
• 4-11 разрядтар бойынша - орта білімді мамандар;
• 7-15 разрядтар бойынша - жоғары білімді мамандар;
• 10-20 разрядтар бойынша - кәсіпорынның басшылары,
бөлімдердің, функционалдық қызметкердің басшылары;
• 9-21 разрядтар бойынша - ғылыми қызметкерлер.
Жалпы алғанда еңбекақы төлеуге арналған бірыңғай тарифтік торды келесі кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте):
1-кесте
Еңбекақы төлеудің
разрядтары
|
Тарифтік
коэффициенттер
|
Еңбекақы
төлеудің
разрядтары
|
Тарифтік
коэффициенттер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
1,0
|
12
|
2,20
|
3
|
1,07
|
13
|
2,37
|
4
|
1,15
|
14
|
2,55
|
5
|
1,24
|
15
|
2,74
|
6
|
1,33
|
16
|
2,95
|
7
|
1,43
|
17
|
3,17
|
8
|
1,54
|
18
|
3,43
|
9
|
1,66
|
19
|
3,67
|
10
|
1,78
|
20
|
3,94
|
11
|
1,91
|
21
|
4,24
|
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделеді:
- еңбек ұжымының нәтижелері мен жұмсалған еңбектің саны мен сапасын объективті көрсететін мөлшерде жұмыскерлерге сыйақы белгілеу;
- кәсіпорынның еңбекақы төлеуді ұйымдастырудағы жұмыскерлерге жалакы көлемін белгілеу, еңбекақы жүйесі мен нысандарын таңдаудағы дербестігі;
- мемлекеттің ең төменгі жалақы көлемін белгілеуі;
- жалақыны еңбек жағдайы және тұрғылықты аудандар бойынша дифференциациялау.
Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің ұтымды нысаны мен жүйесін таңдау әрбір кәсіпорын үшін маңызды. Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде өндірісті тиімді басқару мен жұмыс күшін ұтымды пайдалануға, адам капиталының дамуына материалдық негіз жасайды. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде персоналдарға еңбекақыны есептеу жэне төлеу үшін оның мерзімді және келісімді нысандары қолданылады.
Мерзімді еңбекақы жағдайында жүмыскерлерге төленетін сыйақы (төлемақы) нақты орындалған жүмыс уақытына байланысты болса, келісімді еңбекақы өндірілген өнімнің, орындалған жүмыстың, көрсетілген қызметтің көлеміне карай төленеді.
Мерзімді еңбекакы өнім өндіру (жүмыс орындау, қызмет көрсету) көлеміне қарамастан жүмыс істеген уақытта сағаттық иемесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша жұмыста болған уақытына төленеді. Өндірген өнімін немесе орындалған жүмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмыс көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді. Мысалы, кәсіпорын басшыларына, каржы жэне есеп бөлімінің қызметкерлеріне жэне т.б.
Мерзімдік еңбекақының мынадай екі негізгі жүйесін бөліп көрсетуге болады. Олар: жай мерзімді және мерзімді сыйақылы.
Жай мерзімді еңбекақы жүйесінде жұмыскердің жалақысы, оған берілген разрядтің тарифтік мөлшерлемесі немесе штатта көрсетілген лауазымдық оклад бойынша нақты орындалған уақыт көлеміне байланысты анықталады.
Мерзімді сыйақылы еңбекақы жүйесінде жұмыскерлердің тарифте немесе штатта көрсетілген жалақысына қосымша сыйақы төлеу мүмкіндігі қарастырылады. Мұндай сыйақы белгілі бір сандық жэне сапалық нәтижелерге қол жеткізгені үшін белгіленеді.
Мерзімді еңбекақы келесі формула бойынша есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: |