Орындаған: Студент: Хурманхан Жібек Мамандық: Бастауыш білім беру Топ: ббб-42 Тексерген


Бастауыш сынып оқышысының фонетика бойынша базалық білім мазмұны



бет6/10
Дата08.02.2022
өлшемі87,05 Kb.
#119969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Хурманхан Жібек БББ-42

1.4 Бастауыш сынып оқышысының фонетика бойынша базалық білім мазмұны

Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны


Әліппеге дейінгі кезең (14 сағат):
1) тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушіні немесе мұғалімді (сыныптастарын) аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Тыңдау барысында ақпаратты дұрыс қабылдау, ондағы негізгі ойды түсіну, тиісті жауап қайтару;
2) айтылым. Сөйлеу кезінде сөздерді, дыбыстарды анық, дұрыс айту. Сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдану. Тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу, сөйлеу барысында айтатын ойының мақсатына және жағдаятқа сәйкес тілдік құралдарды тиімді таңдау. Оқу міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша) сөйлеуді меңгеру, өзі жайында, ата-анасы, үй-іші жайлы, достары туралы айтып бере алу. Мектептегі және күнделікті өмірдегі түрлі жағдаяттарға сәйкес сөйлеу мәдениеті (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау) нормалары мен орфоэпиялық нормалар туралы түсінік қалыптастыру. Дауыс ырғағын дұрыс қою. Айтылуы ұқсас л – р, н – ң, с – з, с – ш, ж – ш, п – б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру: жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар жаттату;
3) оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы алғашқы түсінік. Сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буындардан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оқу. Графикалық сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырып оқу;
4) буын туралы алғашқы түсінік. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын, буын түрлерін анықтау. Графикалық сызбалар түріндегі буындардан сөз құрап оқу;
5) дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік. Буынның дыбыстардан (әріптерден) құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрлері болатыны: ауыз қуысында ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны туралы алғашқы түсінік қалыптастыру. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясы: дыбыстау кезінде дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату. Дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны (буындағы дауысты дыбысты ұзағырақ созу);
Әліппе кезеңі (98 сағат):
1) дыбыс. Әріп. Әріп – дыбыстың таңбасы. Бас әріп және кіші әріп. Қазақ әліпбиіндегі барлық дыбыстармен және әріптермен жеке-жеке таныстыру;
2) дыбыстар мен олардың таңбалары төмендегідей ретпен өтіледі: 1-кезеңде а, н, л, р, о, т, й, у, ш, с, м, ы дыбыстары меңгертіледі. 2-кезеңде і, ң, и, д, е, қ, ұ, ғ, к, ү, г, ө, з, ә, ж, п, б дыбыстары оқытылады. 3-кезеңде сөйлеу тілінде сирек кездесетін х, һ, щ, я, ю дыбыстары мен орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын в, э, е, ц, ф, ч дыбыстары меңгертіледі. 4-кезеңде орыс тіліндегі ь, ъ белгілерімен таныстырылады;
3) дыбыс пен әріпті ажырату. Дыбыстың айтылу ерекшелігі. Дыбыс шығаруда сөйлеу мүшелерінің әрекеті, дыбыстардың артикуляциясы. Дыбыстардың дауысты және дауыссыз түрлері; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату: ауыз қуысында ауаның кедергісіз, еркін шығуынан жасалатын дыбыстардың дауысты деп аталатыны немесе ауыз қуысындағы сөйлеу мүшелерінің қатысуымен жасалатын дыбыстардың дауыссыз деп аталатыны. Дауысты дыбыстардың буын жасай алатыны. Дыбыстық талдау;
4) буын. Дыбыстардан буын құрау. Буындардан сөз құрау. Сөзді буынға бөлу. Дыбыстық-буындық талдау;
Әліппеден кейінгі кезең (119 сағат):
1) грамматика, емле: дыбыс және әріп. Қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін жалпылау және пысықтау; қазақ әліпбиін: әріптердің дұрыс аталуын және олардың әліпбидегі орнын (ретін) білу. Дыбыс және әріпті ажырату; дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін пысықтау және дамыту.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырату, айтылу ерекшеліктерін білу; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, олардың емлесі: айтылу ерекшеліктерін салыстыру, оларды бір-бірінен ажырату, сөз ішіндегі орнын тапқызу; жуан дауыстылардың жуан буындарда, жіңішке дауыстылардың жіңішке буындарда жазылатыны туралы ұғым беру; а, ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі», «О, ө дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі.
Ұ, ү дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі, ұ, ү әріптері бар сөздерді дұрыс жазу. Ы, і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Қосарлы дауыстылар. И, Ұ, я, ю дыбыстары мен әріптері және емлелері. Қосарлы дауыстылар кездесетін сөздерді дұрыс жазуға жаттықтыру; буын. Буын (анықтамасын білу). Тасымал (анықтамасын білу). Сөзді тасымалдауға болмайтын жағдайлар; сөз.
Сөз туралы білімдерін пысықтау, дамыту. Сөз және оның қызметі. Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер. Кім? кімдер? сұрақтары адамдарға қатысты сөздерге қойылатыны. Не? нелер? сұрақтары заттарға, жан-жануарларға қатысты сөздерге қойылатыны. Кім? сұрағы бір адамға, кімдер? сұрағы бірнеше адамға қатысты қойылатыны. Не? сұрағы бір затқа, нелер? сұрағы көп затқа қойылатыны; бас әріппен жазылатын сөздер.
Адамның аты-жөні, фамилиясының бас әріппен жазылатыны. Қаланың, ауылдың, өзеннің, көлдің, көшенің аттарының бас әріппен жазылатыны. Жан-жануарларға арнайы қойылған аттардың бас әріппен жазылатыны. Аспан денелерінің аттары бас әріппен жазылатыны; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер. Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздер; сөз және сөйлем. Сөйлем және сөйлемнің сөздерден құралатыны туралы білімдерін пысықтау және дамыту. Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылатыны. Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер.
Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны
Дыбыс және әріп (24 сағат):
1) у дыбысы. Сөз ішінде у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуі. У әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген у әрпінің алдында ү, ұ дыбыстары естілгенімен, жазылғанда олардың орнына у-дың өзі ғана жазылатыны;
2) дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатыны;
3) и дыбысы. И-дің дауысты, ал й - дауыссыз дыбыс дыбыс екені. И-дің бірде жуан, бірде жіңішке болатыны. И, й әріптерінің емлесі;
4) я, ю әріптерінің жазылуы;
5) дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні;
6) б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі;
7) қ, ғ және к, г дыбыстары. Қ, к дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауысты ы, і дыбыстары жалғанса, олардың ғ, г дыбыстарына айналуы;
8) л, р дыбыстары. Л, р әріптерінің емлесі;
9) н, ң дыбыстары. Олардың бір-бірінен өзгешелігі және емлесі.
Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны
Дыбыс және әріп (16 сағат):
1) Дыбыс туралы 2-сыныпта өткенді қайталау;
2) Э, е, ф, в, ц, ч, ш, щ дыбыстарының ерекшеліктерін меңгерту. Бұл дыбыстарды дұрыс айтып, сауатты жазуға дағдыландыру;
3) В, ф дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктерін салыстыру;
4) Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері;
5) Х, Һ дыбыстары, олардың айтылу ерекшеліктері. Х, һ дыбыстарына қатысты сөздердің емлесі.
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
Дыбыс және әріп (7 сағат):
1) дыбысқа байланысты берілген білімді қайталау. Фонетика туралы түсінік беру. Фонетикалық талдау жасау;
2) буын үндестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп айтылуы және жазылуы;
3) дыбыс үндестігі туралы түсінік. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі;
4) дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңындағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет