1.2 Фонетиканы оқыту әдістемесі
Тілдің дыбыстық жағының сырын оқушыларға түсіндіріп, онын лексикалық грамматикалық құбылыстармен байланысы бар екендігін көрсету, мектепте фонетнканы оқытудың аса маңызды теориялық міндеттері болып табылады.
Сондықтан да фонетика грамматиканың лексикамен саз тудыру сияқты салаларынан бұрын оқытылады. Өйткені тілдіқ фонетикалық жүйесімен таныстырмайынша, оның (тілдің) басқа жақтарын теориялық немесе практикалық тұрғыда оқыту мүмкін емес.
Мектепте фонетиканы оқыту, практикалық мақсаттарды да көздейді. Мысалы, қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің ерекшеліктерін оқушылардың білуі: дұрыс жазу, әдеби тілмен сөйлеу нормаларын меңгеру, тыңдау мәдениетін дамыту т. б.
Фонетика курсының мазмұны. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды:
a) физиологиялық (жасалу);
ә) акустикалық (естілу);
б) қызметі (сез жасау).
Мектеп оқулығында дыбыстың бұл үш ерекшелігі тұтас бірлікте сипатталады. Мұғалім фонетикалық жаттығулар кезінде осы үш жағын ескеріп отығуға тиіс. Мысалы физиологиялық тұрғыдан дыбыс сөйлеу мүшелері жұмысының жемісі,яғни тілдің, еріннін қалпы, жақтың ашылу қалпы т. б.
Оқушылар сөйлеу мүшелерінен мағлұмат алып, дауысты я дауыссыз дыбыстың қалай жасалатындығын, олардың айырмашылығын біледі.
Бірақ дыбыстардыд жасалуы жайында мектепте толық мағлұмат берілмейді, тек қана ана тілін практикалық меңгеруге қажеттілері үйретіледі.
Акустикалық (дыбысталу) тұрғыда тіл дыбыстары естілетін фонетикалық құбылыс ретінде қаралады. Физикалық тұрғыда дыбыс бір-бірімен ажыратылатындай белгілермен анықталады. Фонетикада дауыссыз дыбыстарды үн мен салдардың қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуі оқытылады. Мектепте дыбыстын мағына ажыратарлық қызметі арнаулы сөз етілмейді,- бірақ жаттығулар арқылы мағлұмат беріледі.
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан.
Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді:
1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі — оның құрамында 12 дыбыс бар;
2) дауыссыз дыбыстар тобы — оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:
1) қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып тұрады;
2) сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысынын айтылу және құлаққа естілу әуені бар;
3) әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, к, дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде келсе де, біздің құлағымыз, яғни есту қабілетіміз оларды бір-біріне шатастырмайды;
4) сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы:
а) к, г, дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сняқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді;
ә) байырғы сөздер екі дауыссыз тіркесінен басталмайды;
б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады [11, 112 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |