Орындаған: Студент: Хурманхан Жібек Мамандық: Бастауыш білім беру Топ: ббб-42 Тексерген


Фонетиканы әр түрлі әдістер арқылы оқыту тиімділігі



бет8/10
Дата08.02.2022
өлшемі87,05 Kb.
#119969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Хурманхан Жібек БББ-42

2.2 Фонетиканы әр түрлі әдістер арқылы оқыту тиімділігі

Практика кезінде бастауыш сыныпта фонетиканы оқыту мақсатында әр түрлі әдістер қолданылып сабақ өткізілді.


Сабақ- 1.
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Фонетикадан алған білімдерін жинақтау, бекіту.
Міндеттері:
Білімдік: фонетикадан алған білімдерін тексеру, жинақтау, бекіту.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, ойын айту қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: бір - бірін сыйлауға, оқуға, білімге құштарлыққа, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, плакат т. б
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың құрылымы:


І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Топқа бөлу.
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Ой қозғау
Т әрпінен басталатын қандай жақсы көретін сөздеріңіз бар?

«Ақыл қалта»


Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына
Сосын мейлі ұш та самға, сырғана (М. Мақатаев)

ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.


1. Ертеде Фонетика патшалығы елінде Фонетика деген патша болыпты. Жан - жақты, үбірлі - шүбірлі, өсіп - өнген патшаның ұрпағы бүгін бізге қонаққа келіпті. Соларды үй - үйге таратып алайық.
Т, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, А, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я.
І топ. Жуан, жіңішке дауыстылар.
ІІ топ Ашық, қысаң, еріндік, езулік.
ІІІ топ Дауыссыз, катаң.
ІV топ Ұяң, үнді дауыссыздар.

2. “Жуан және жіңішке сұрақтар”


1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?
2. Үндестік заңы деген не?
3. Ілгерінді ықпал деген не?
4. Кейінді ықпал деген не?
5. Тасымалданбайтын сөздер қандай?

1. Әріп деген не?


2. Буын деген не?
3. Неше әріп бар?
4. Қосарлы дыбыстарға не жатады
5. Неше дауысты дыбыс бар?

3. Сатылай кешенді талдау


І топ. “Мұрагер” сөзі
ІІ топ “Талабым” сөзі
ІІІ топ “Таудай ” сөзі
ІV топ “Баламын” сөзі

4. Семантикалық карта


Мысалдар -------- Дұрыс ------ Бұрыс
Ба - қыт - ты
Бал - ал - лық
Сау - ық
Жай - ық
Ар - ман - да
Бас - шы
Тау - дай
Дос - ым
Оқ - у - шы
Се - зім

Мысалдар ------ Ілгерінді ықпал ------ Кейінді ықпал


Мектебім
Көрігі
Жас шағым
Серігі
Құсша
Көп бала
Қонысбай
Ақ лақ

6. Өзіндік жұмыс.


Буынға бөліп жаз
Мен таулықпын
Қыранның балапаны
Маған дағы тауымның таңы атады
Қарапайым қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады.
(М. Мақатаев)

IV. Ой толғаныс кезеңі


1. Ақынға хат.
2. Менің сабақтан алған әсерім
V. Үйге тапсырма:
1. Фонетика патшалығы. Ертегіні аяқтау.

Сабақ-2.
«Тіл дыбыстары»


/ «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша/
Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл дыбыстары туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: сатылай кешенді талдау жасау арқылы оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жан – жақты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тереңдету, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді оқыту" технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру, тілдік талдаулар жасау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:


1. Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру.( слайд арқылы түсіндіру)
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал - лақ, түс - сүт, кел - лек
Берілген сөздердегі ерекшелік неде? /оқушылар пікірі тыңдалады/
Сөздегі дыбыстар өзгерген кезде сөз мағынасы да өзгереді. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? / қазақ тіліндегі дыбыстар/
Жұппен жұмыс. Оқулықта берілген «Тіл дыбыстары» тақырыбы оқылады. Сатылай кешенді талдауға салу арқылы тақырыпты оқушылар талдайды
1. Сипаты: Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді. Ол үш түрлі сипатта болады. Мысалы: мал, тал, қал. Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр. Екіншісі – сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі (бала, ала, ал). Үшіншісі: сөздегі дыбыстардың орын тәртібі (тас – сат, қас – сақ). Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды
2. Жасалуы: Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады
3. Түрі: Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады. Осыған байланысты дыбыстар екіге бөлінеді. Олар: дауысты және дауыссыз.
Оқушылар пікірі тыңдалады. А - бұл дыбыс, дауысты дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Қ - бұл дыбыс дауыссыз дыбыс себебі өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап ауа қысылып шығады.
2. Электронды оқулықпен жұмыс. Орталық Білім Ресурстары, Е - Кітапхана. №4403. « Тіл дыбыстары туралы жалпы ұғым» тақырыбы бойынша 1, 4 тапсырманы орындау.
1. Айтылу жағынан бір - біріне ұқсайтын сөзді көрсет. / түлкі - күлкі, аяқ - таяқ, зат - ат, ауыр - бауыр, арық - жарық/

3 – сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға фонетика туралы түсінік беру, тіл дыбыстарының адам өміріндегі маңызы, құрамдары туралы ұғым беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылығы: Оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, танымдылығын арттыру.
Б) Тәрбиелігі: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір - бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тәнтану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Әнұранды орындау.
Үй тапсырмасын сұрау: Лексикадан өткенді қайталау.
232 - жаттығуды орындап келу. Оқушылардың дәптерлерінен тексеремін. Ауызша 3 - 4 оқушыға оқытамын.

Үй жұмысын қорыту:


"Кім жылдам" сұрақ - жауап.
1. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу?
2. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер?
3. Айтылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер?
4. Дөрекі, әдепсіз сөздер?
5. Атын тура айтуға болмайтын сөз?
6. Сөз байлығын зерттейтін сала?
7. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер?
8. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер?
9. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі?

ІІІ. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фонетика. Тіл дыбыстары.


Фонетика -(гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген) Фоненің мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір - бірімен тіркесу заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар, екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:


Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал, лақ, түс, сүт, кел, лек.

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту( слайд арқылы түсіндіру), тыныс жолы мүшелері, ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін, езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне қарай дыбыстардың сипаты анықталады.


Үн - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамай еркін шығуынан пайда болады.
Салдыр - өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің біріне соқтығып, кедергіге ұшырауынан пайда болады.
Осы үн мен салдырдың дыбысқа қатысуына қарай тілдегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып келеді.
“Әліпби” сөзі араб алфавитінің алғашқы екі әрпі – алиф пен би атауларының бірігуінен жасалған. Әліпби жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіреді. Әліпбидегі көрсетілген таңбалар - әріптер. Әріп - дыбыстың жазудағы таңбасы.
Оқулықпен жұмыс:
233 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылау.
Сал, жат, тас, тық, қаш, жан.
Сал – жал, тал, қал
Жат – сат, қат, бат, тат

Шығармашылық жұмыс. «Кім шапшаң?»


І. Берілген сөздерге тиісті дыбыстарды қойып, сол сөздерге синоним тауып жаз. Жы.. дам, сабы.. лы, с.. лемдесу, әлпе...
2. Төмендегі антоним сөздерді үлгі бойынша жұп - жұбымен жаз.
Ұл. Суық. Жаман. Ақ. Күн. Қыз. Жақсы. Қара. Жылы. Түн. Түзу. Тату.
Қатты. Ұзын. Араз. Жұмсақ. Қысқа. Жас. Көп. Кәрі. Аз. Қисық.
Үлгі: Түзу - қисық, жұмсақ - қатты.

234 - жаттығу: Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа - басқа сөздер жасаңдар.


Ала, алау, алақан. Ат, ата, атақ, атаулы. У, уық, уылдырық.
Ыс, ыссы, ыстықтау. Ас, аспа, аспалы.

Сергіту сәті.


Адасқан әріптерді орнына қой. "Кім тапқыш?"
Б, ы, а, л, қ. Н, у, а, ы, р, з.
З, м, а, н, а. Ә, л, я, и.

235 - жаттығу Метаграммаларды шешіңдер.


Егер т - дан бастасаң -
Биіктердің биігі.
Егер д - дан бастасаң -
Қиындардың қиыны.
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы (тау, дау, ау)

Егер б - дан бастасаң -


Түтіндей боп көшемін.
Егер н - дан бастасаң -
Жап - жасыл боп өсемін.
Жеке өзімді тастасаң -
Ішкен жанға кеселмін (бу, ну, у)

Г - ден баста, мен кілең.


Ажарымын өмірдің.
К - ден баста, енді мен.
Қалдығымын көмірдің (гүл, күл)
К - ден егер бастасаң -
Шомыласың суына
Ш - дан егер бастасаң -
Жазда аунайсың құмына (көл, шөл)
Мақал - мәтелдердің мазмұнын ашу.
Берілген мақалдардың баламасын (мағыналас сөзін тап)
1. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
2. Көрмес - түйені де көрмес.
3. Кімнің тарысы піссе - соның тауығы.
(Жағымпаз, аңғармаушылық, сенгіштік)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы неде?
3. Сөйлеу мүшелеріне нелер жатады?
Сабақты бекіту:
Венн диаграммасы.
Үйге тапсырма: Фонетика. Тіл дыбыстары
Бағалау

Осындай сабақтардан кейін бастауыш сынып оқушыларының фонетика саласы бойынша білім деңгейі қайта зерттелінді.Тапсырмаларды қосымшадан көруге болады.



Сурет 2. «Практика соңындағы бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейі»



Сурет 3 – «Салыстырма диаграмма»


Бұл суреттерден бастауыш сынып оқушыларының фонетика бойынша білім деңгейінің артқының көруге болады: жоғары – 30 пайыз, орташа – 60 пайыз, төмен – 10 пайыз ғана.


Бұл дегеніміз қазақ тілі сабақтарында түрлі жолмен ұйымдастырылған арнайы сабақтарды жиі өткізудің тиімділігін дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет