Орындаған: Студент: Темирова Айнур Мамандық


Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



бет18/26
Дата01.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#141598
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
БББ 41 Темирова Айнур Курсовая работа (1)

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы




Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.
Білім алушыларды сөздік бағалау«Смайликтер» арқылы бағалау
«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Қорытынды
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді.
Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді, сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.
Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен

«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.


Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып математика сабағында көрсету, түсіндіру, жаттықтыру, түзету және бағалауды жүзеге асыруға болады. Математика пәні мұғалімі педагогикалық жұмыста белгілі бір нәтижеге жетуді көздеп, компьютерлік техниканы математика пәнін оқытуда тиімді пайдаланып, сапалы білім беруге қол жеткізуге болатындығы айқын.

«Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман. Біз бәріміз компьютерді толықтай білуге тиіспіз..


Жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру.


Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.
Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ (Слайд )
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс - әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу - тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан - жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал.
Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан - бiрiн де пайдалана алмай отырмыз.

Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет - ретімен толық жеткізуді


үйрету болып табылады.
Қазіргі уақытта әрбір жаңа заманғы адам компьютерді біледі, оны жұмыста да, үйде де қолданады. Компьютерлік технологиялардың жаңа заманғы әлемі бізге өте үлкен көлемді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, аз уақыт ішінде ақпараттың өте зор көлемін өңдеуге көмектеседі.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнының заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін - өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды.

Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:
- оқу материалын терең түсінуге;
- оқу мотивациясының артуына;
- алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;

Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?


 Оқуға деген қызығушылығын арттырады
 Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады
 Ғылыми - зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі
 Уақытты үнемдейді
 Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді
 Орындаған жұмыстарының қателерін
бірден көруге мүмкіншілік тудырады

Менің математик ретінде өз алдыма қойған мақсатым:


«Оқытудың озық ақпараттық – иновациялық
технологиялар әдістерінің тиімді жағын пайдаланып,
математикалық білім жүйесін дамытып,
сапалы білім беру».

Жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының


есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру,
теорияны білу, оны логикамен ұштастыру,
шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру,
көру, есте сақтау қабілетін дамыту,
есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу,
пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында
көп жылдардан бергі педагогикалық жұмыстарын жүргізіп келемін.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс - шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.


•Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
•Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. )
сабақта жиі қолдану.
•Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
•Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т. б.
Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
•Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау.
Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.


Какие мужские и женские имена грозят безденежьем их обладателямnewseu



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет